Ананың мейірімі
Джамади ас-сани айының 20 жұлдызы - Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күні.
Жұмақтың қызыл алмасының көктеп шыққаны жер бетіндегілер үшін қуанышты хабар. Оның есімі зұлымдықтың тамырын құрғатып, илаһи жолға түскендер үшін тозақ отын суытқан. Есімінің жарқырауымен уаһи үйі нұрға бөленді. Ол әйелдің қадір-қасиетінің белгісі, енді дүниеге келген қыздарының даусын естігенде әкелер уайымға түспейтін болды.
Аспан күлімдеп, жер қуанышқа бөленді. Періштелер гүл жаудырды. Хазірет Хадиджаның үйінен әлемді нұрландырған бір нұр жарқырады. Джамади сани айының жиырмасыншы жұлдызы болып табылатын бұл берекелі күні Пайғамбардың (с.ғ.с.) үйі қонақ күтті. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазірет Хадиджа пайғамбарлық ағаштың жемісін құшағына алу сәтті күтуде.
Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) дүниеге келместен бұрын, Жәбірейіл Пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Мұхаммед! Алла Тағала саған сәлем жіберіп, қырық күн Хадиджадан аулақ болуды бұйырды»,- деді. Сөйтіп, Алла елшісі (с.ғ.с.) Хадиджадан 40 күн алыста болып, күндіз ораза тұтып, түнде Алла Тағалаға құлшылық етті. Қырық күннен кейін Жәбірейіл түсіп: «Алла Тағала саған сәлем беріп: «Менің сыйым мен абыройыма дайын бол», - дейді»,- деді. Содан кейін Микаил жәннәт жемістерінен әкелді. Пайғамбар (с.ғ.с.) сол тамақ пен суды жеп, Хадиджаға барды, сол түні Исламның ардақты пайғамбарының қызының ұрығы ұрықтанды.
Хадиджа Пайғамбарға (с.ғ.с.) тұрмысқа шыққанда, Құрайш әйелдері оны жалғыз қалдырып, оған бармады, сәлем бермеді және ешбір әйелге оның хал-жағдайын сұрауға рұқсат бермеді. Хадиджа жүкті болған кезде онымен жалғыз Фатима (ғ.с.) сөйлесіп, анасының құрсағынан жұбатқан. Хадиджа бұл құпияны жасырып, бір күні Алла Елшісі (с.ғ.с.) үйге келіп, ана мен қызының сөйлесіп отырғанын естігенше тіпті хазіретке (с.ғ.с.) айтпаған. Пайғамбар: «Уа, Хадижа! Кіммен сөйлесіп отырсың?»- деп сұрады. Хадиджа былай деді: «Бұл ұрық менімен сөйлесіп, менің жалғыз қалған сәттерімнің жұбанышы болды». Алла елшісі: «Уа, Хадиджа! Жәбірейіл бұл ұрықтың қыз бала екенін, оның пәк, берекелі ұрпақ болатынын сүйіншіледі. Алла Тағала ол арқылы менің ұрпағымды жалғастырып, оның әулетінен пайғамбарлық міндетім аяқталғаннан кейін менің миссиямды жалғастыратын пәк имамдар (ғ.с.) жаратылады»,- деді.
Хадиджа баласы дүниеге келгенге дейін құрсағындағы ұрығымен сөйлесетін. Ол құрайш әйелдерінен көмек сұрады, бірақ олар оған көмектесуден бас тартты. Алла Тағала бұл иманды әйелге көмектесу үшін жәннәттің төрт әйелін жіберді. Мейірімді Алланың әмірімен Хадиджаға перзенті Фатиманы (ғ.с.) дүниеге әкелу үшін Ибраһимнің әйелі Сара, Перғауынның әйелі Әсия, Имранның қызы Мәриям және Мұса ибн Имранның қызы Күлсум келді. Осылайша таза әрі пәк Фатима (ғ.с.) дүниеге келді және оның есімі Алла Тағаланың Пайғамбардың қызына таңдаған ең көркем есімі болды.
Пәк Әһле Бәйтінің (ғ.с.) өмірі дүние мен ақыреттің ең жақсы өміріне қол жеткізгісі келетіндер үшін өте айқын нұсқау. Барша имамдарға (ғ.с.) сәлем беретін «Джоме Кабире» дұғасында пенделердің бақыты мен қатыгездігі имамдарға (ғ.с.) мойынсұну немесе мойынсұнбауға байланысты екені туралы бөлімі бар. «Сендерге келгендердің бәрі құтқарылды, ал келмегендердің бәрі жойылды». Сондай-ақ «Зиярат Ашура» дұғасында Алла Тағаладан өмір мен өлім жолымызды Әһле Бәйттің (ғ.с.) өмір салтына сай етуін сұраймыз.
Пәк тұлғалардың (ғ.с.) қатарында хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) мүбәрәк өмірі мұсылман әйелдері үшін күндей жарқырап, оның өмір салтын тану - ғибрат. Батыстық капиталистік жүйе өзінің мәдени агрессиясымен мұсылман әйелдері мен қыздарына арсыз және адамгершілікке жатпайтын үлгі көрсетуге тырысып жатқан бүгінгі қоғамда, хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) әртүрлі өлшемдерін қарастыру мұсылмандар үшін жақсы тәжірибелік үлгі бола алатыны сөзсіз. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) жеке және қоғамдық өмірі әркімге ғибратты, сонымен бірге оның жанұядағы әйел және ана рөлінің ықпалы зор. ИИР-да хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күнінің «Аналар күні» деп аталды.
Ананың рөлі «раббылық» (жаратушылық), Алла Тағала да «Раббы» болғандықтан, ананың рөлі Алланың рөлінің сәулесі. Ананың мейірім жүрегі – Алланың мейірімінің көрінісі. Алла Тағала махаббат теңізінің бір тамшысын ананың жүрегіне салғандай. Құран Кәрім «Бақара» сүресінің 223-ші аятында: «Өйткені әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер...»,- деді. Демек, ана құрсағы - ұрпақ өсіп-өнетін жер. Бала ана құрсағында ананың, әкенің, ата-бабаның қасиетінен алады. Су, топырақ, жарық, жылу, зиянкестер тұқым тағдырына тікелей әсер ететіндей, ананың, әкенің, ата-бабалардың қадір-қасиеттері де ұрыққа әсерін тигізеді. Ана болу өте маңызды, өйткені ол адам тәрбиелейлі. және оған таза да тақуа адам тәрбиелеу, ұлы да дана тұлғаларды тәрбиелеу рөлінің үлкен бөлігі жауапты. Таза, салиқалы тұлғаларды тәрбиелеу, ұлы әрі дана тұлғаларды тәрбиелеудің үлкен бір бөлігі оның міндеті. Тұқым қуалаушылық, тәрбие және қоршаған ортаның үш қағидасы адам тұлғасының дамуының негізгі негізі болып табылады. Тәрбие мен білім беру мәселесінде ата-ананың, әсіресе ананың рөлі зор. Өйткені аналар көбінесе балаларына жақынырақ және олар үйде көбірек болады. Хазірет Фатима (ғ.с.) ана болу міндетін өте жақсы атқарып, имам Хасан (ғ.с.), имам Хусейн (ғ.с.) және хазірет Зейнаб пен Умму Күлсум (ғ.с.) сияқты балаларды қоғамға табыс етті. Олардың әрқайсысы адами құндылықтарды бойына сіңірген парасатты, ержүрекиманды көрнекті үлгісі болды. Хазірет Заһра (ғ.с.) балаларды бала кезінен тапсырмасын дұрыс орындауға шақыру керектігін және оларды Аллаға жақындату үшін Жаратушымен қарым-қатынас орнатуға дайындау. Сонда олар үшін міндеттерін орындау қиын болмайды. Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) қызы балаларын түнде ояу болып, ғибадат етумен өткізуге үйретті. Әрине, олар тәрбие әдісін жақсы білген және оған балалардың күші мен қабілетіне қарай қарайтын. . Мысалы, қасиетті Рамазан айының жиырма үшінші түні хазірет Фатима (ғ.с.) балаларын ояу болуға мәжбүрлеген. Бұл үшін балалар толық демалсын деп, оларды күндіз ұйықтататын.
Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) тәрбиенің әртүрлі салаларында лайықты және тиімді ананың үлгісі болды. Хазірет Фатима (ғ.с.) перзенттерінің тәрбиелік және адами негіздерін нығайтты. Хазірет Фатима (ғ.с.) балаларын кемелдікке ұмтылып, кемелдікке жету жолында бір-біріне мейірімді және жанашыр болып, отбасылық қарым-қатынаста өзара сыйластықты сақтайтындай тәрбиелеген. Сол себепті имам Хусейн (ғ.с.) имам Хасанды (ғ.с.) ерекше құрметтеп, ағасының алдында сөз сөйлемейтін. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) басқа да тәлім-тәрбие әдістерінің қатарында оның жанкештілігі де болды. Хазірет Фатима (ғ.с.) перзенттерінің көз алдында халыққа көмектесіп, өзі аш қалатын. Дұға жасаған кезде өзгелерді өзінен жоғары қоятын. Ол: «Алдымен көршіміз, сосын өзіміз»,- деді.
Исламның бұл ұлы ханымының тәрбие әдісі оның табысты, нәтижелі, қиындықтарға қарсы тұрақты, бірқұдайшыл, жауынгерлік және әлеуметтік ынтымақтастық деңгейі жоғары балаларды тәрбиелеуіне себеп болды. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) әлем әйелдерінің көшбасшысы аталуының өзі оның қадір-қасиеті мен биік дәрежесінен хабар береді.
Әлемнің барша мұсылмандарын Алла елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһраның туған күнімен құттықтаймыз!