Бүгін - Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні
(last modified Thu, 17 Mar 2022 19:02:07 GMT )
Нау 18, 2022 01:02 Asia/Almaty

Әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

Хиджра-қамари күнтізбесінің 1443 жылы шағбан айының ортасы хижраның он төртінші ғасырының соңғы жұмасы және бұл күн адамзатты құтқарушы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) дүниеге келген күні. Адамзаттың құтқарушысы хазірет Мәһди (ғ.с.) жер бетіндегі ең соңғы илаһи билік және адамзаттың қараңғылығы мен қасіреттің соңы.

Биылғы Наурыздың басталуының шағбан айының ортасына сәйкес келуі адам баласының қуанышын екі есе арттырды.  Бұл қуаныш рауаяттарда Наурыз мейрамының да құтқарушының көрінетін уақыты ретінде қарастырылуы және жыл сайын Жаңа жылдың келуі имамның күтушілерін хазіретті (ғ.с.) көруге шыдамсыздандырады.

Әділдік пен азаттықтың күні нұрын шашқанда сымбатты жігіттің жүзіне шығады. Киімі де, денесі де таза, хош иісті. Оның нұрлы жүзінен адамгершілік пен кемелдік  жарқырайды. Маңдайы ашық, нұрлы, көзі қара, кеудесі кең. Мінезі мен жүзі жағынан Алла елшісіне (с.ғ.с.) ең ұқсас адам. Пайғамбар әулетіндегі бір жұлдыз. Шындықты тек онымен табуға болады және оның нұры бар. Алланың жәрдемімен жаулар мен залымдарды жеңеді.

Әлемнің құтқарушысы имам Мәһди (ғ.с.) кенеттен әлем сахнасына шығады. Алланың соңғы елшісі хазірет Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) киімдері мен орамалы онымен бірге болады. Ол – барша жақсылықтар мен ізгі қасиеттердің мәні және Алла Тағала тарапынан адамзатқа тура жол көрсету үшін жіберілген жүз жиырма төрт мың пайғамбардың толық көрінісі. Сондықтан имамнан пайғамбарлардың жоғары қадір-қасиеттерін көруге болады. Ол баршаны шақырып: «Мен Алланың қорымын»,- деп дауыстайды.

Адамзаттың соңғы илаһи қоры және құтқарушысы хазірет Мәһди (ғ.с.) хиджра-қамаридің 255 жылы шағбан айының ортасында таң атқанда дүниеге келді. Бұл күні имам Хасан Аскаридің (ғ.с.)  үйі  дүниеге келуінен ешкім хабарсыз  сәбидің нұрына бөленді.  Пәк перзентінің әлемде әділет орнататынын білген имам Хасан Аскари (ғ.с.): «Өзімнен кейін мінез-құлқы, жүзі жағынан Пайғамбарға ең ұқсайтын мұрагерді көрмейінше, мені бұл дүниеден әкетпеген Аллаға шүкір.  Алла оны ғайып кезінде қорғап, кейін көрсетеді және зұлымдық пен фитнаға толы дүниені әділетпен толтырады»,- деді.

 

Бәни Аббас басшылары уәде етілген Мәһдидің (ғ.с.) имам Аскаридің (ғ.с.) ұлы екенін хабарлар мен рауаяттар арқылы естіген болатын. Мұндай баланың дүниеге келуіне жол бермеу және хабардар  болу үшін олар имамның үйін әскери базаның ортасына орнатып,  қатаң бақылауға алды. Бірақ Алланың қалауымен билік қызметкерлері Мәһдидің (ғ.с.)  ғажайып дүниеге келгенінен бейхабар қалды. Өйткені имам Аскаридің (ғ.с.) әйелінің жүктілігінің ешкім байқамаған. Хазірет Мәһди (ғ.с.) әкесінің қасында өмірінің алғашқы жылдарында аз уақыт болды. Бұл кезеңде имам Аскари (ғ.с.) оны тек кейбір ерекше серіктерімен таныстырып, оған жарқын болашақты уәде етті. Имам Аскари (ғ.с.) шәһид болған кезде Мәһди (ғ.с.) бес жасар бала еді. Осы уақыттан бастап оның имамат кезеңі басталды.

 

 

Бірақ көп ұзамай  Мәһдидің (ғ.с.)  дүниеге келуін дұшпандары мен қарсыластарынан жасырған себептер оның халықтан ғайып болуына себеп болды және имамның (ғ.с.) халықпен қарым-қатынасы басқаша жалғасты. Хазірет Мәһди (ғ.с.) кезінде төрт арнайы өкілі арқылы халықпен тілдесіп, бағыт-бағдар берген. «Қысқа мерзімді ғайып» деп аталған бұл кезең 69 жылға созылды. Қысқа мерзімді ғайыптан кейін хазірет Мәһдидің (ғ.с.) Алланың әмірімен ғаламның көкжиегінен жарқыраған күн сияқты шыққан күнге дейінгі  ұзақ мерзімді ғайыбы басталды. Ол өзінің келуімен шарықтау мен құлдырауға толы адам өмірін жаңа нұрға бөлейді.

Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) Меккеден жұма күні келуі уәде етілген. Бірақ әлемді азат етушінің нақты келетін күнін ешбір дереккөз айтпайды. Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша, уақыты келгенде оны (Мәһдиді) тек Алла ғана әшкере етеді. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) Мәһдидің (ғ.с.) келуін «Хадид» сүресінің «Біліңдер, Алла, жер өлгеннен кейін жандандырады..»  деп айтылған 17-ші аятының тәпсірі деп санайды. Имам Бақердің (ғ.с.) айтуынша, Алла Тағала имам Мәһди (ғ.с.) арқылы жерді тірілтеді. Яғни, зұлымдық пен зорлық-зомбылық салдарынан өліп, жансыз күйге түскен дүние имам Мәһдидің (ғ.с.) әділдігімен жаңа жан тауып, қайта дүниеге келген сияқты. Одан кейін имамның 313 ерекше серігі күздегі бұлттың бөліктеріндей бір-бірінің соңынан ереді. Олар қажылық маусымынан тыс уақытта Мекке қаласында жиналады. Мекке халқы оларды жылдың сол мезгілінде көріп, таңғалып, алаңдайды. Бірақ бұл нұрлы және жоғары дәрежелі тұлғалар Қағбаның жанындағы бағана мен лауазым арасында имам Мәһдиге (ғ.с.) ант береді. Олардың жиналуы Алланың «Бақара» сүресінің «Қайда болсаңдар да Алла барлығыңды бір араға жинайды. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге күші жетеді» деген 148-ші  аятын еске салады.

Құран Кәрімде хазірет Мәһди (ғ.с.) келген уақыт  әлемнің Алланың нұрына бөленетін күн ретінде еске алынады. Яғни, барлық сұлулықтар әлемге билік жүргізетін күні және Алла Тағаладан сый етілген барлық жақсы қасиеттердің көрінетін күні имам Мәһди (ғ.с.) келген уақытта болады. Ол кезде адамзат қоғамындағы тамыры кәпірлік пен көпқұдайшылыққа негізделген қайшылықтар мен кемсітушіліктер жойылады. Осыған байланысты діндер мен мектептердің кемшіліктері күннен-күнге айқындалып, Ислам діні ең жақсы дін ретінде танылуда. Басқаша айтқанда,   сол заманда адамдардың наным-сенімінде, мұратында жолдар мен амалдар біртұтас болып, бірлік пайда болады. Хазірет Мәһди (ғ.с.) Құранның аяттарында барлығын бір Аллаға құлшылық етуге және Аллаға ешнәрсені серік қоспау туралы ортақ шақыруды іске асырады.

Әйгілі ирандық философ Молла Садра: «Хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде орындалатын амалдар Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) қалауымен толығымен сәйкес келеді. Өйткені бұл екеуінің арасында   байланыс бар, демек, уахи мен набаваттың мақсаттары сол имам келген уақытта жүзеге асып, ақиқат күнінің нұры әр жерде жайнайды. Имам Мәһдидің (ғ.с.) келу заманының ерекшеліктерінің бірі – дін  ғалымдары арасындағы келіспеушіліктердің шешіліп, бір мәселеге қатысты үкімдер бір болады, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) заманы сияқты діндер бір дінге айналады»,- деді.

 

Осылайша,  ислам қоғамында   қоғамдық қатынастардың түбегейлі өзгеруіне куә боламыз. Адамның Алламен қарым-қатынасы өзгеріп, тақуалықтың жұпар иісі бүкіл әлемге таралады. Адамның өзіне деген қатынасы да өзгереді. Яғни, адам интеллектуалдық жетілуге ​​жетіп, оның санасы ашылады. Оның ақылы толыққанды және ол биік көкжиектерге ұмтылады. Сондай-ақ сол кезде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы түбегейлі өзгерді. Ол күні адам баласы басқа біреудің құқығына қол сұғуға ұмтылмайды, ешкім басқа біреуге қысым жасамайды, кемсітушілік пен алдау, соғыс пен бүлік, дұшпандық пен жабайылық жойылады,  кез келген адам ешбір проблемасыз өз құқыларына жетеді.

Махдавиятқа иман келтіру жүректерде үміт пен сенімді толтырады. Ертеде перғауындар өздерін құдай деп санаса, нимрудтар қысым көрген. Бүгінде Йемен, Палестина, Ауғанстан, т.б. жас бүлдіршіндердің қайғыға толы көздерімен жанұясының, құрдастарының жараланған денелеріне қарап, жоғалған әділеттік іздеп жүргенін көреміз. Бұл мәселенің бір жағы. Адам  үміттен айырылмайды және тарихтың адамның сәтсіздіктері мен ащылықтарын еске түсірумен аяқталмайтынын және адамның түпкі тағдыры әлсіздік пен тіл емес екенін біледі.   Қара бұлттардың арғы жағынан жол көрсетуші күн шығып, әлемде нұр, сана мен достық  орнататыны сөзсіз.                    

 

Тегтер