Діни жетекшінің Құдс күні сөйлеген сөзі
Палестина мен сионистік дұшпанмен ғана шектелмейтін қозғалыстың жемісін бүкіл Ислам әлемінен көруге болады.
1401 жылы Құдс күнінің басып алынған жерлердегі соңғы оқиғалармен сәйкес келуі Палестина мен Ислам әлеміндегі қарсыласу қозғалысы үшін айқын көкжиек ашты. Палестина мен сионистік дұшпанмен ғана шектелмейтін қозғалыстың жемісін бүкіл Ислам әлемінен көруге болады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жыл сайын Рамазан айының соңғы жұмасында Құдс күнінің маңыздылығы мен Палестинаның езілген халқына қолдау көрсету қажеттілігі туралы сөз сөйлейді. Биыл да аятолла Хаменеи мұсылмандар үшін сол жердің шынайы тұрғындарына көмектесу жол картасы бола алатын мәлімдемелер жасады және оларға езілген Палестина халқымен әлемдік ынтымақтастықтың маңыздылығын еске салды.
Ислам революциясының жетекшісі алдымен Құдс күні шеруінде өзінің жаппай қатысуымен сөздің шын мағынасында эпос жасаған Иран халқына ризашылығы мен алғысын білдірді. Ол Құдсты қорғау үшін саяси және халықтық аренада болуды Құдстың шынайы қорғанысы деп санады, өйткені бұл Құдс пен әл-Ақса мешітін тәнімен және рухымен қорғағандардың төзімділігін күшейтіп, арттырады және Палестинаның ұлы күресін түпкілікті нәтижеге әкеледі. Аятолла Хаменеи палестиналық бауырлар мен бүкіл ислам әлеміне, әсіресе араб әлеміне Құдс пен Палестина мәселелеріне қатысты араб тілінде үндеу жасады. Діни жетекші былай деді:
Әлемдегі барша мұсылман бауырлар мен қарындастарға сәлем! Ислам әлемінің жастарына сәлем! Ержүрек және жігерлі Палестина жастарына және бүкіл Палестина халқына сәлем! Әл-Құдс күні тағы да келіп жетті! Қасиетті Құдс әлемдегі барлық мұсылмандарды шақырады. Ақиқат мынада: басып алушы және қылмыскер сионистік режим Құдста үстемдік құрғанша, жылдың барлық күндерін Құдс күні деп санау керек.
Аятолла Хаменеи басып алушы және қылмыскер сионистік режимнің Құдстағы үстемдігі жойылғанша, жылдың барлық күндерін Құдс күні деп санау керектігін баса айтып: «Қасиетті Құдс - Палестинаның жүрегі, Нилдан Евфратқа дейін басып алынған елдің бәрі - Құдстың жалғасы»,- деді. Бұл кісі Палестина халқының теңдесі жоқ төзімділігі мен батылдығын мадақтап, палестиналық жастардың жанқиярлық операцияларын Палестина үшін қорғаныс қалқаны құру және өзгеше болашақтың жаршысы деп сипаттады.
Бүгінде әл-Ақса мешітінің болуына байланысты Қасиетті Құдс мұсылмандар алдында үлкен құндылыққа ие екені жасырын емес. Өйткені бұл қасиетті орын мұсылмандардың алғашқы құбыласы, Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) көкке көтерілген жері. Бұл жердің маңыздылығына және бүгінде Құдстың сионистердің қоршауында болуына қарамастан, бұл жердің езілген халқы риясыз қарсылық көрсетіп, Құдсты сионистерден азат ету үшін мұсылмандардың көмегін күтуде. Палестина жастарының бітімге келу және берілу мәдениетінен алшақтауы және революциялық қозғалыстары Құдс пен Палестина мәселесін дүниежүзінің қоғамдық пікірінде көбірек орын алуына әкелді.
Осыдан біраз уақыт бұрын Ислам революциясының жетекшісі Палестина халқының соңғы кездегі күресін мадақтап: «Палестина тірі» деді. Қарсыласу қозғалыстары жалғасып жатқанда, ол Палестинаның бүгіні мен ертеңіндегі жаңа теңдеулердің пайда болуының белгілеріне тоқталып: «Бүгінде Палестинада және бүкіл Батыс Азияда сионистік «жеңілмейтін армияның» орнын «жеңілмейтін ерік» басты және қылмыстық армия өзінің шабуыл шебін қорғаныс шебіне айналдыруға мәжбүр болды»,- деді.
Саяси аренада АҚШ бір кездері сионистік режимнің ең үлкен қолдаушысы болып саналды. Бірақ діни жетекшінің айтуынша, бүгінде оның өзі тұрақты жеңілістерге ұшырады. Ауғанстандағы соғыстағы жеңіліс, Иранға барынша қысым жасаудағы жеңіліс, Азия державаларының алдында жеңілуі, әлемдік экономикалық бақылаудағы сәтсіздік, оның ішкі басқаруындағы сәтсіздік, АҚШ егемендігіндегі терең феномені сияқты. Екінші жағынан, басып алушы сионистік режим саяси салада да, әскери салада да бір-бірімен түйіскен проблемалар желісімен айналысуда. Дженин лагерінің қозғалысы сионистерді есінен шығарды. Жиырма жыл бұрын Нахарияда бірнеше сионистің өлтірілуіне жауап ретінде басып алушы режим Дженин мәселесін мәңгілік шешу үшін Дженин лагерінде екі жүз адамды өлтірді.
Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, бұл жағдайлар Палестина халқының басқа болашағының белгілері болып табылады. Сауалнамалар 48-ші және 67-ші аумақтардағы және шетелдік лагерьлердегі палестиналықтардың шамамен 70 пайызының Палестина басшыларын оккупациялаушы режимге әскери соққы беруге шақырып жатқанын көрсетеді. Бұл маңызды құбылыс, себебі бұл палестиналықтардың басқыншы режимге қарсы тұруға толық дайындығын білдіреді. Палестина халқының 1948 жылғы аумақтардың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі жиһадтық қозғалыстары, Иордания мен Шығыс Құдстағы шерулер, палестиналық жастардың әл-Ақса мешітін қорғауы және Газадағы әскери жаттығулары бүкіл Палестинаны қарсыласу алаңына айналдырды. Осы кезде Палестина халқы жиһадты жалғастыруда бірігіп отыр. Аятолла Хаменеи осы оқиғалардың және соңғы жылдары Палестинада болған оқиғалардың маңызды жолдауын сионистік дұшпанмен барлық бітімге келу жоспарлардың жойылуы деп атады. Ислам революциясы жетекшісі сионистік режимнің тұншығуына қарамастан барлық қылмыстарының жалғасуына тоқталып: «Украина мәселесінде дүр сілкіндірген Еуропа мен АҚШ-тағы адам құқығы туралы уәжденушілер Палестинадағы осынау қылмыстардың алдында үнсіз қалып, езілгендерді қорғамай, қанішер қасқырға да көмектесуде»,- деді. Басқыншы режим езілгендерді қарумен өлтіріп, қарусыз әйелдерді, балаларды, кәрі-жасты өлтіреді, түрмеге қамап, азаптайды, үйлерді, фермалар мен дүние-мүлікті қиратады. Бірақ олар бұл жәбірленгендерді қорғаудың орнына қанішер қасқырға көмектеседі. Діни басшы бұл мәселенің үлкен сабағына тоқталып: «Қасиетті Құран іліміне және Исламның ережелеріне сүйенетін қарсыласу күшімен ғана Ислам әлемінің мәселелерін және ең алдымен Палестина мәселесін шешуге болады»,- деп баса айтты.
Аятолла Хаменеи Батыс Азия аймағында қарсыласудың қалыптасуын аймақтағы ең берекелі құбылыс деп атап: «Ливанның басып алынған бөліктерін сионистердің ластығынан тазартқан, Иракты Американың көмейінен шығарып, ДАИШ-тен құтқарған, АҚШ жоспарларына қарсы сириялық қорғаушыларға көмектескен қарсыласу болды. Қарсыласу қозғалысы халықаралық лаңкестікпен күреседі, төзімді Йемен халқына оларға таңылған соғыста көмектеседі, сионистік басып алушылардың заңдылығын сұраққа алып, илаһи көмекпен оларды тізе бүктіреді және өзінің талпынысымен күннен-күнге Құдс пен Палестина мәселесін дүниежүзілік қоғамдық пікірде маңыздылау етуде»,- деп мәлімдеді. Ислам революциясының жетекшісі Палестина халқын, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен 48 жылдағы жерлердегі жанқияр жастарын, Дженин лагерінің жауынгерлері мен Палестина сыртындағы палестиналық лагерьлердің тұрғындарын қарсыласу қозғалысының маңызды және сезімтал бөлігі деп атады. Аятолла Хаменеи Құран Кәрімнің аяттарын оқып, мүміндер мен сабыр етушілерге жақсы хабарды уағыздады. «Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді қорғайды. Әрине Алла, бүкіл қиянатшыл, қасарысқандарды жақсы көрмейді» («Хадж» сүресі, 38-ші аят). «... Егер сабыр қылсаңдар, әрине Ол, сабырлылар үшін қайырлы болады». (Нахл» сүресі, 126-шы аят). «Малдарың және жандарың жайында әрине сыналасыңдар; сондай-ақ сендерден бұрыңғы кітап берілгендерден және мүшріктерден де көптеген реніш естисеңдер. Егер сабыр етсеңдер әрі сақсынсаңдар; шәксіз бұл маңызды істер». («Әл-Имран» сүресі, 186-шы аят). “Сабыр еткендіктерің үшін, Алланың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы” («Раад» сүресі, 24-ші аят).
Аятолла Хаменеи сөзінің соңында: «ИИР Қарсыласу майданының қолдаушысы, Палестина қарсыласуының қолдаушысы. Біз мұны әрқашан айтып, әрекет еттік және соған табанды болдық. Біз қалыпқа келтірудің опасыз қадамын айыптаймыз. Кейбір араб үкіметтері АҚШ-тан Палестина мәселесін шешуді тездетуді талап етті»,- деді. Ислам Революциясы жетекшісінің палестиналық жастарға арнаған сөзі палестиналық шәһидтердің рухына сәлем берумен және олардың сабырлы отбасылары мен берік ерік-жігермен қарсылық көрсеткен палестиналық тұтқындарға құрмет көрсетумен аяқталды. Аятолла Хаменеи: «Мен осы үлкен жауапкершіліктің маңызды бөлігін мойнына алған төзімді Палестина топтарымен қол алысып, Ислам әлемін, әсіресе жастарды осы абыройлы салаға атсалысуға шақырамын»,- деді.