31 шаһривар – «Қасиетті қорғаныс» апталығының басталуы
(last modified Thu, 22 Sep 2022 08:34:14 GMT )
Қыр 22, 2022 14:34 Asia/Almaty
  • 31  шаһривар – «Қасиетті қорғаныс» апталығының басталуы

Шахривар айының 31-і (22 қыркүйек) Ирактың БААС режимінің ИИР-на қарсы соғысы басталған күн. Бұл күн «Қасиетті қорғаныс» апталығының басы болып белгіленді және мехр айының 6-сы (28 қыркүйекке) дейін созылады.

 

Ирактың БААС режимі хиджри-қамаридің 1359 жылы 31 шахривар күні (1980 жыл  22 қыркүйек)   шешімі мен алдын ала жасалған жоспарымен және жаңадан қалыптасып келе жатқан Ислам Республикасы жүйесін құлату мақсатымен Иранға қарсы кең ауқымды соғысты бастады. Ирак  басшысы Саддам Хусейн Ирак теледидарының камерасының алдына шығып, 1975 жылғы Алжир келісімін жыртып, БААС режимінің Иран жеріне басып кіруінің басталғанын жариялады. 1975 жылы 6 наурызда  Алжир келісіміне қол қою арқылы Иран мен Ирак бірнеше жылға созылған даулар мен шекаралық қақтығыстарды тоқтатты. Бұл келісімге Бағдадта қол қойылғанымен, сол кездегі Алжир президенті Хуари Бумедьен және осы елдің билігі арағайындық жасағанынан, ол «Алжир келісімі» деп аталды. Саддам режимі 6 жылдан кейін,  Алжир келісімін біржақты түрде бұзып, сол жылдың 31 қыркүйегінде Иранға шабуыл жасады. Бұл соғыс Ислам Республикасы үстемшіл державалардың, әсіресе АҚШ-тың қатты қысымына ұшыраған және Иранның әскери күштері революцияның салдарына байланысты әлі де қайта құру және ұйымдастыру сатысында болған жағдайда Иранға таңылды. Үстемдік жүйенің Саддам режимі арқылы Иран Ислам Республикасына қарсы бастаған соғысы кең мақсаттарды көздеді, бұл мақсаттардың басында Ислам республикасын  құлату  болды. Бірақ Иран халқы өзінің адал қарсылығымен және діни-патриоттық   мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жауларын жеңіп қана қоймай,  жиһадтық мәдениет, құрбандық және қарсылық түрінде бірегей жетістіктер қалдырды. Ислам революциясы имам Хомейнидің басшылығымен жеңіске жеткендей, қасиетті қорғаныс та имамның басшылығы мен әмірімен жалғасты. Қол жеткен нәрсе үлкен жетістік болды. Өйткені Иран соңғы 200 жылда алғаш рет тең емес соғыста бір шаршы жерін жоғалтпай, аяғынан тік тұрды. Имам Хомейни   бұл  туралы былай деген: «Біз соғыста дүниеқұмарлардың бетінен пердені алып тастадық. Біз соғыста достарымыз бен жауларымызды білдік. Біз соғыста өз аяғымызбен тұруымыз керек деген қорытындыға келдік. Біз соғыста Шығыс пен Батысты жеңдік»,- деді.

Қасиетті қорғаныстың кейбір жетістіктері

Қасиетті қорғаныс Иран халқы мен исламдық қоғамдарға құнды және тұрақты жетістіктер әкелді, оны «Ислам-халықтық қарсыласу мәдениеті» атты жинақта талдауға болады. Өзіне деген сенімділікті нығайту, діни нанымдардың дамуы, дарындардың алға ілгерлеуі және шығармашылықтың пайда болуы, қоғамдық бірлікті арттыру және ұлттық бірлікті нығайту, ИИР күш-қуатын нығайту, ел тәуелсіздігіне кепілдік беру, ұлы державаларға қарсы күрес үлгісін жасап, исламдық оянуға көмектесу  - 8 жылдық қасиетті қорғаныс нәтижесінде пайда болып, кеңейген факторлардың бірқатары.

Қасиетті қорғаныстың нәтижесінде пайда болған қарсылық пен жанқиярлық мәдениеті діни нанымдарға байланысты географиялық шекарадан тыс рөл атқара алды. Аймақтағы исламдық қарсыласу майданының құрылуы мен кеңеюін Иран халқының қасиетті қорғанысының ең маңызды жетістіктерінің бірі деп санауға болады.   осы күні  барлық қару түрлерін өндірудегі ілгерілеушілік, оның ішінде зымырандардың, ұшқышсыз ұшақтардың жасалуы, сондай-ақ халықаралық суларда қуатты орналасуы арқасында ИИР-ның қорғаныстық және шабуылдық күші аймақтық және халықаралық күш ретінде танылды.

Бүгінгі таңда Иран Әскери-теңіз күштерінің  флоты алыс теңіздерде экстерриториялық жеткізушілерге тәуелді емес және  шекара мен жердің жауынгерлері ел мүддесін, кеме қатынасының қауіпсіздігін қорғайды. Иранның ұшқышсыз ұшақтарды жасау саласындағы, әсіресе қорғаныс және әскери салалардағы таңғаларлық жетістіктері соңғы жылдары әлемнің назарын өзіне аударды. «Шахед», «Мохаджер», «Каман 22», «Симурғ», «Газа» және «Карар» ұшқышсыз ұшақтары Иранның қорғаныс өнеркәсібі мен қарулы күштері мамандары жасаған ұшқышсыз ұшақтардың мысалы. Иранның ұшқышсыз ұшақ технологиясы саласындағы құдіреті мен білімі тек оның құрылысымен ғана шектеліп қалмайды, сонымен қатар басқыншыдардың ең озық  ұшқышсыз ұшақтарын ұстап, құрықтау Ислам республикасының осы саладағы мүмкіндіктерінің тағы бір бөлігі болып табылады. Ирандық мамандардың АҚШ-тың ең озық әскери-бақылау ұшқышсыз ұшақтарын бақылауға алып, жерге қондыруы осы мүмкіндіктердің бір бөлігі ғана.

ИИР сондай-ақ әртүрлі қолданбалы баллистикалық зымырандарды жобалау және шығару арқылы тежеуге қол жеткізуде үлкен жетістіктерге жетті. «Шахаб», «Фатх», «Қиям», «Эмад», «Седжил», «Хорамшахр», «Дезфул», «Фатх Мобин» және «Раад 500» зымырандары Иранның баллистикалық зымыран өндірісі саласындағы жетістіктері. Бұл елдің тежеу ​​күшін арттырды.   Әскери веб-сайт - 1945  Иранды «Батыс Азиядағы баллистикалық зымырандардың ең үлкен және тиімді арсеналы» бар ел деп атады. Бұл веб-сайттың жазуынша, Иран шикі әскери қуаты тұрғысынан АҚШ немесе Қытаймен бір қатарда емес,  бірақ Иран елге шабуыл жасауға әрекеттенген кез келгендерге қатаң жауап қайтару үшін көптеген зымырандар жасады. Ирактың БААС режимі бастаған жан-жақты соғыс және Ислам республикасын  құлату арман  Исламдық Иранның адал және орны толмас қарсыласуымен ғана емес, қорғаныс, ғылым, мәдениет және экономика салаларындағы көптеген жетістіктерімен сәтсіздікке ұшырады.

Аятолла Хаменеи таңылған соғыс кезінде ИИР-на қарсы Батыс пен Шығыс және олардың аймақтағы елдерінен тұратын кең әскери майданның құрылуына сілтеме жасап: «Бұл кең майданның мақсаты исламдық жүйені әлсіретіп, абыройын түсіріп, оны ішкі мәселелерге батырып, ақырында Ислам республикасының күйреуі үшін жағдай тудыру болды. Бірақ исламдық жүйе мен Иран халқы сол кездегі   құрал-жабдықтың тапшылығына және көптеген мәселелерге қарамастан осы майданға қарсы тұрып, алаңнан мақтанышпен шықты. Иран халқының сегіз жылдық қасиетті қорғаныстағы табандылығына байланысты исламдық және исламдық емес елдердің көптеген ықпалды тұлғалары мен белсенді ақыл-ойлары жалаң қолмен күшті қорғанысқа нық сенді»,- деді.  

 

Тегтер