Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (4)
(last modified Sat, 10 Dec 2022 16:00:34 GMT )
Жел 10, 2022 22:00 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (4)

Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.

Заһраның (ғ.с.) жаратылуы ардақты Пайғамбардың ұлылығының нұрынан. Ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) мен Әли бин Әбуталиб та (ғ.с.) сол бір нұрдан жаратылған. Илаһи білімнің қазынасында жасырылған  қасиеттілік нұры, даңқ нұры, кемелдік нұры және илаһи ұлылықтың нұры. Әбу Хашем Джафари: «Мен хазірет Аскариден (ғ.с.): «Неліктен Фатима (ғ.с.) Заһра деп аталды?» деп сұрадым. Имам былай деді: «Өйткені күннің басында оның жүзі мүміндердің әмірі (ғ.с.) үшін Шығыстан шыққан күндей, ал күн ортасында жарық айдай, күн батқанда жарық жұлдыздай жарқырады».

Пайғамбардың (с.ғ.с.) әйгілі сахабасы Салман Фарси: «Бір күні Аммар Ясир (алғашқы мұсылмандардың бірі және пайғамбардың жақын сахабаларының бірі) маған: «Саған қызық нәрсе айтайын ба?» деді. Мен: «Оны маған айтып бер, Аммар», - дедім. Ол: «Иә, мен бір күні Әли бин Әбиталибтің (ғ.с.) Фатиманың (ғ.с.) қасына келгенін көрдім, сол кезде Фатиманың (ғ.с.) көзі оған түсті. «Әлижан! Қияметке дейін өткенде не болғанын, не болатынын, болмаған және болашақта болатынын айтып беремін, жақындаңыз»,- деді. Осы кезде мүміндердің әмірі Әлидің (ғ.с.) кері бұрылып, Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасына жақындағанын көрдім. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Уа, Аба әл-Хасан, жақында»,- деді. Әли (ғ.с.) хазіреттің қасына отырды.  Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Мен саған хабарлайын ба, әлде өзің хабарлайсың ба?», - деді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Сіз айтқан әдемірек». Сонда хазірет Әлиге не болғанын айтып берді. Сонда Әли шүкірлік етіп сәжде жасады. Сәлден соң хазірет Әли (ғ.с.) Фатимаға (ғ.с.) келеді. Хазірет Фатима (ғ.с.): «Сіз менің әкеме барған сияқтысыз. Менің айтқанымды, әкеме айттыңыз ба?» деп сұрады. Әли (ғ.с.): «Солай, уа, Фатима!» деді. Сонда Фатима (ғ.с.): «Уа, Аба әл-Хасан! Алла менің нұрымды жаратты, мен сол нұрданмын. Мен өткенді, болашақты және бүгінді білемін. Уа, Аба әл-Хасан! Мүмин Алла Тағаланың нұрымен ойланып, жасырын нәрселерден хабардар болады»,- деді.

 

 

Тегтер