Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (5)
Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.
Исламның ұлқы пайғамбары қайтыс болғаннан кейін хазірет Фатима (ғ.с.) қатты қайғырып, күйзелді. Әкесінен айырылу және уаһи көзінен алыс болуға шыдау ол үшін өте қиын болды және өміріне қауіп төндірді.
Сенімді рауаяттарда Пайғамбардың (с.ғ.с.) дүниеден өткені мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болғанына дейін уақыт аралығында Алладан бір періштенің Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызына түсіп, оны тыныштандырып, ұбатқаны айтылады. Кейбір рауаяттарда бұл періште Жәбірейіл деп аталады. Ол хазірет Фатимаға (ғ.с.) құрметті әкесінің (с.ғ.с.) барзақтағы хал-жағдайын, сондай-ақ болашақта болатын оқиғаларды хабардар ететін. Имам Садықтың (ғ.с.) рауаятында былай деп айтылған: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) дүниеден өткенде Фатима (ғ.с.) әкесінің қайтыс болуына қатты қайғырғаны сонша, оның қайғысының ауырлығын бір Алла ғана білді. Сондықтан Алла Тағала оны жұбатып, қайғысын жеңілдету үшін періште жіберді. Фатима (ғ.с.) бұл мәселені Әлиге (ғ.с.) жеткізіп, Әли сол сөздердің барлығын қағазға түсіріп, Фатиманың (ғ.с.) кітабы осылай жинақталған».
Әбу Басир былай дейді: «Мен имам Бақерден (ғ.с.) Фатиманың (ғ.с.) Мұсхафы (Кітабы) туралы сұрадым. Имам Бақер (ғ.с.): «Әкесі қайтыс болғаннан кейін оған жіберілді»,- деді. Мен: «Онда Құраннан бір нәрсе бар ма?» сұрадым. Хазірет: «Онда Құраннан ешнәрсе жоқ» деп жауап берді. «Мен сенің құрбаның боламын! Сол Мұсхафтың мазмұны қандай?» деп сұрадым. Имам Бақер (ғ.с.): «Жаратылыстың басынан Қияметке дейінгі барлық оқиғалардың жаңалықтары және барлық аспанның жаңалықтары, оларда періштелер мен періште еместерден және Алламен жіберілген және жіберілмеген пайғамбарлардың саны, олардың есімдерімен бірге. Пайғамбарларды қабылдамағандар мен оларды қабылдағандардың есімдері. Басынан аяғына дейін барлық мүміндер мен кәпірлердің есімдері, шығыс пен батыстағы барлық қалалардың атаулары мен олардың сипаттары. Мүміндер мен кәпірлердің саны, олардың сипаттары, бұрынғы халықтар және олардың тарихы, билік ететін тирандардың саны және олардың билік кезеңі. Көсемдердің аты-жөні мен олардың қасиеттері мен иеліктерінің бәрі, ру ақсақалдары мен олардың сипаттары және әртүрлі кезеңдердегі барлық нәрселер». Илаһи періштенің хазірет Заһрамен (ғ.с.) сөйлесуі екіталай емес. Өйткені «Әли Имран» сүресінің 42-аятында айтылғандай: «Аллаға қарсы болып, Пайғамбардан бас тартқандар, қиямет күні, жермен-жексен болуды арман етеді. Алладан бір сөз жасыра алмайды. Хазірет Мәриям өз заманындағы әйелдердің жалғыз қызметшісі болса, Фатима - басынан аяғына дейін әлем әйелдерінің қызметшісі».