Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (15)
Жел 25, 2022 19:55 Asia/Almaty
Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.
Хазірет Фатиманың (ғ.с.) көптеген есімдері мен лақаб аттары бар. Олардың бірқатары илаһи және Алла Тағала тарапынан, ал кейбіреулері Алланың таңдаулыларымен тағайындалған.
Хазірет Фатиманың (ғ.с.) лақаб аттарының бірі – Сыдықе. Сыдықе – шыншыл, ешқашан өтірік айтпаған, сондай-ақ сөзі мен ісінде қайшылық жоқ, сөзінде тұратын адам. Алла тақуаларды пайғамбарлар мен шәһидтер қатарына қосты. Бұл мәселе көптеген аяттармен түсіндіріледі, олардың арасында «Ниса» сүресінің 69-аятында: «Ал және кім Аллаға, пайғамбарға бой ұсынса, міне солар Алла нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!»- деп айтылған. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) сыртқы келбеті, іші, сөзі, іс-әрекеті, ниеті, ой-пікірлері Алланың разылығына сәйкес келеді. «Сыдықе» «тасдиқ» сөзінен шыққан. Бұл лақап есім оған ұлы әкесінің пайғамбарлығын растау және Исламды қабылдағаны үшін берілді. Әрине, растау ғылымсыз қабылдау емес, толық білімсіз жабық сенім емес екенін айта кеткен жөн. Растау – Исламды және Алла елшісінің (с.ғ.с.) пайғамбарлығын қабылдау. Бұл жерде Пайғамбар (с.ғ.с.) хазірет Фатиманың (ғ.с.) әкесі болған кезде оны мойындауы табиғи нәрсе деп айтуға болады және бұл оның әкесінің пайғамбарлығын қабылдауы артықшылық деп саналмауы мүмкін. Өйткені, дәл сол уақытта Пайғамбардың (с.ғ.с.) туыстары және ерлер мен әйелдер болды, бірақ олар иман келтірмеді. Басқаша айтқанда, Пайғамбармен (с.ғ.с.) жай ғана қарым-қатынаста болу растау мен мойындауға әкелмейді. Сыдиқе, яғни ең жақсы шыншыл әйел. Имам Казем (ғ.с.) былай дейді: «Расында Фатима Сыдықе – шәһид. Фатима (ғ.с.) анамыз шәһид болған сыдық еді».
Айта кететін жәйт, «шыншыл» дегені олардың заман талабына сай шыншыл болғанын емес, әрқашан шыншыл болуды білдіреді. Сондықтан олардың ой-пікірлеріне, сөздеріне, іс-әрекеттеріне адалдық үстемдік етіп, бұл қасиетті басқалар да байқайды.
Алла Тағала «Мәида» сүресінің 75-аятында: «Исаның анасы шыншыл..» десе, басқа жағынан, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Фатима – жәннәттағы әйелдердің басшысы, дүниенің басынан аяғына дейін әйелдердің ең жақсысы әрі басшысы» деді.
Демек, Құран Кәрім Мәриямның (ғ.с.) қатесіздігі мен пәктігіне куәлік еткенде, Мәриямнан жақсырақ әрі ұлы тақуа тұлға болған хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) пәктігі жоғарырақ болады. Пайғамбардың жұбайы Айшадан жеткен рауаятта: «Алла Елшісінен (с.ғ.с.) кейін мен Фатимадан шыншыл ешкімді көрмедім»,- деп айтылды.