Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (18)
Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.
Хазірет Фатима (ғ.с.) – әр салада жарқыраған ұстанымы көрінген үлгілі әрі бірегей ханым. Оның Құрандағы қадір-қасиеті маңызды және назар аударарлық тақырыптардың бірі. Бұл иләһи кітап уахидың көзі ретінде әркімге фиқһ пен ахлақ құндылықтарын және діни нұсқауларды түсіну үшін толық және жан-жақты нұсқау болып табылады. Қасиетті Құран көп жағдайда адамзат қоғамдарына үлгі болуы тиіс көрнекті тұлғалар мен адамдарға сілтеме жасайды. Өйткені ол Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) мен илаһи пайғамбарлар туралы көп айтқан. Сондай-ақ, ол адамзат қоғамында ерекше орынға ие болған маңызды әйелдерді атап өтті. Солардың ішінде хазірет Мәриям (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Захраны (ғ.с.) атауға болады.
Сүнниттік тәпсірлер мен хадис көздеріне сәйкес, шамамен қырық тоғыз сүредегі жүз отыз бес аят хазірет Фатима (ғ.с.) туралы. Екі сүре, яғни «Дахр» және «Кәусар» толығымен Фатиманың (ғ.с.) құрметіне түсірілді. «Кәусар» сүресі, кейбір рауаяттарға қарағанда, хазірет Фатиманың (ғ.с.) ұлылығын білдіреді. Ислам пайғамбарының ұлы Қасым қайтыс болғаннан кейін мүшріктер Пайғамбардың өзінен кейін оның жолын жалғастыратын ешкімі жоқ және хазірет кемелсіз деп уәжденді. Бірақ Алла Тағала бұл мәселені «Кәусар» сүресін жіберіп: «Шын мәнінде саған кәусәрді бердік»,- деді. Бұл сүренің соңында Алла Тағала дұшпандық жасағандар туралы: «Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады»,- деді.
«Кәусар» сүресінің түсуі хазірет Фатиманың (ғ.с.) қасиетті болмысынан бастау алады. Көптеген тәпсіршілер Кәусарды Фатиманың (ғ.с.) болмысы деп біледі.
Исламның ұлық ханымы жас шағында дүниеден өтсе де, одан пәк имамдарлың (ғ.с.) ұрпақтары жалғасқандығы туралы хадистерде де бар. Хазірет Фатима (ғ.с.) Ислам дінін, Құран мен Исламның негізін жақсы қорғай білді, солардың басында өз ұрпағынан қалған имамдарды (ғ.с.) тәрбиеледі.
Сүнниттердің ұлы ғалымдарының бірі Фахр Рази өзінің тәпсір кітабында былай деп жазған: «Сүренің мағынасы – Алла Тағала пайғамбарға мәңгі есте қалатын ұрпақ береді».