Сүлеймани мектебі 6: Шәһид болу 
https://parstoday.ir/kz/radio/uncategorised-i66700-Сүлеймани_мектебі_6_Шәһид_болу
Касым Сүлейманидің өмірінің соңғы күндері.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 04, 2023 14:55 Asia/Almaty
  • Сүлеймани мектебі 6: Шәһид болу 

Касым Сүлейманидің өмірінің соңғы күндері.

Жылдар бойы елдің қауіпсіздік мәлімдемелері генералды өлтіру қаупі және америкалықтар мен сионистік режимнің оны шәһид ету жоспарлары туралы ескертті. Осы хабарлардың бірінде Сардардың өзі былай деп жазды: «Алла маған дінінің қас жауларының қолынан шәһид болуды нәсіп етсін». 

 

Сардар шәһид Қасым Сүлеймани

 

Шәһид Сүлеймани мектебі туралы айтатын болсақ,  қасиетті қорғаныс майдандарына аттанғалы кез келген жауынгердей ажалмен талай рет бетпе-бет келді. Қасиетті қорғаныс жылдарында Иранда «Мұнафеқин» ретінде танылған моджахедтер ұйымының мүшелері Саддам мен Ирак БААС режимінің жағында болды. Олардың әрекеттерінің бірі Иран халқына қарсы радиобағдарламалар тарату болды. Бұл радионың жүргізушілері Сардар Қасым Сүлейманиді үнемі қорлап, қорқытып отырды. 1360 (1981) жылы әл-Құдс операциясында жараланып, ауруханаға түскенде осы зұлым ұйымның мүшелері оны ауруханада өлтіріп, шәһид етпек болды. Бірақ олар өз нәтижелеріне жете алмады.

Қарсыласу осінің қалыптасуымен және ондағы сардар Сүлейманидің орталық рөлімен сардар қауіп-қатер мен террорға көбірек ұшырады. Мысалы, 2007 жылдың ақпан айында Қасым Сүлеймани әскери бөлімнің негізін қалаушы, Ливандағы Хезболла ұйымы бас хатшысының орынбасары Имад Муғниемен кездесті. Ғимараттан шыққан кезде Сардар Сүлеймани бір есіктен, Имад Муғние екінші есіктен шықты. Имад кеткеннен кейін Дамасктегі сионистік режимнің бомба жарылысынан шәһид болды. Бұл операцияда екеуі де шәһид болуы керек еді.

 

Сионистік режим мен америкалықтар генерал Сүлейманиді Ливан, Сирия және Иракта талай рет өлтірмек болды. Оның үстінде америкалық ұшқышсыз ұшақтар үздіксіз ұшып тұрды және лаңкестерге ақпарат беру арқылы қажы Қасымның орналасқан жері анықталып, бірнеше рет нысанаға алынды. Бірде Сириядағы Алеппо қаласының Башкой ауылында олар оған тура жебемен шабуыл жасады. Тағы бірде Алеппоның оңтүстігінде оның көлігін атқылаған. Тағы бір жерде мергендік атыс нысанасы қойылды. Хаманың солтүстігінде тәкфиршіл жанкешті Хадж Қасым маңында өзін жарып жіберді, ал Әбу Камалда ДАИШ мергені оны нысанаға алды, бірақ оқ қабырға блокына тиді. Осылайша, блоктың сынған бөліктері Хадж Қасымның бетіне және көзіне түсті. Бұл оқиғалардың әрқайсысы оның шәһид болуына әкелуі мүмкін. Бірақ Алланың қалауымен Қасым қажы қарапайым лаңкестің емес, ең зұлым адамдардың, яғни сол кездегі АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен шәһид болуы еді. Өйткені оның жиһады ұлы, шәһидтігі де ұлық болды.

 

Сардар шәһид Қасым Сүлеймани

 

Құран әдебиетінде және исламның гуманистік дінінде шәһид және шәһид болу ерекше мәнге ие. Шәһидтік (шәһид болу) – мәдениет, ой, қозғалыс. Шәһид – Алла разылығы үшін дүние-мүлкінен бас тартқан, жанқиярлықтың шыңында болған, хабардар адам. Шәһид қажы Қасым Сүлеймани былай дейтін: «Егер бүгін сөзінен, жүріс-тұрысынан, ахлағынан шәһидтің иісін сезген адамды көрсең, оның шәһид болатынын біл». Ол өсиетінің бір бөлігінде былай деп жазды: «Алла, жаным, денем ауырып барады, қырық жыл бойы алдында тұрған адамды қалай қабылдамайсың? Жаратушым, сүйіктім, махаббатым,   мен сені талай рет көрдім, сенен бөлек қала алмайтынымды сездім, бұл жеткілікті, мені қабылда, бірақ мен саған лайықты болған жағдайда...»

Ол 2019 жылдың 31 желтоқсанда сейсенбі күні Сирияға барды. Сол жерде оны қарсы алуға командирлер келді. Олармен сөйлесті. Әдеттегідей жұмыс туралы сөйлеспеді. Тек жалпы тапсырыстар жасады. Ол Ливанға «Хезболла» жетекшісі Сейіт Хасан Насролланы көру үшін барды. Сейіт Хасан Насролла оған «америкалық БАҚ сізге назар аударуда, олар сені өлтіруге негіз дайындап жатқан сияқты» деді. Қажы Қасым жай ғана күлді. Түнде Сирияға оралды. Бейсенбіге қараған түні ол Иракқа бару үшін Дамаск әуежайына аттанды. Оның достары Ирактағы тұрақсыз жағдайға байланысты оның бұл елге бармауын талап етті, бірақ ол Хасан Насроллаға: «Мен Бағдадқа өзім баруым керек», - деді. Қажы Қасым Ирактың сол кездегі премьер-министріне жолдауын жеткізуі керек еді. Түн сағат он екіде ұшақ Дамаскіден Бағдадқа ұшты. Қажы Қасымның ұшағы Бағдад әуежайына қонды. Әбу Мәһди әл-Мохандес оны қарсы алуға келген болатын. Олар әуежайдан екі көлікпен шықты, ал бірнеше минуттан кейін екі көлік те бір уақытта американдық күштердің ұшқышсыз ұшақтарының зымырандық шабуылына ұшырады.

Оқиға 2020 жылдың 3 қантар,  жұмада түнгі сағат 1:20-да болған. Алғашында БАҚ-та Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Хадж Касым Сүлеймани мен Ирак Хашд аш-Шаабидің орынбасары Әбу Мәһди әл-Мохандестің шәһид болғаны туралы бейресми ақпарат жарияланды. Бір сағаттан кейін АҚШ Қорғаныс министрлігі генерал Сүлеймани АҚШ президенті Трамптың бұйрығымен өлтірілгенін ресми түрде хабарлады. Кейінірек бұл шабуылда аймақтағы кейбір шағын елдердің барлау және қауіпсіздік аппараты, сионистік режим мен Blackwater жеке әскери компаниясының Американың жағында болғаны айтылды.

Бұл хабар Сирияға жеткенде оның достарының бірі қажы Қасымның тұрған жеріне барды. Үстел үстінде одан мынадай мәтін жазылған қолжазбаны тауып алды: «Уа, Алла, мені қабыл ете гөр. Уа, Алла, мен сені көргенді жақсы көремін» және екі рет «Уа, Алла, мені таза қабыл ете көр» деген сөзді жазып, әрқайсысының астына қолтаңбасын қойған.  Бұл қолжазбаны көрген серіктері бұл сапар Қасым қажының қоштасу сапары екенін түсінді.

Миллиондаған ирандық және Ирак халқы шәһидтердің дене бөліктерін жерлеу рәсіміне қатысып, шәһид генерал Қасым Сүлеймани мен Әбу Мәһди әл-Мохандестің талпыныстарына ризашылықтарын білдірді. Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи жерлеу күндерін «илаһи күндер» деп атап: «Алланың күні... адамдар оқиғаларда Алланың құдіретін көрген күні, Иранда ондаған миллион адам, Иракта және кейбір басқа елдерде жүздеген мың адам Құдс күштерінің қолбасшысының қанын кегін талап етіп көшеге шыққан күні.  Бұл Алланың күндерінің бірі. Болған оқиға Алланың құдіретінен   басқа ешбір фактордың әрекеті болуы мүмкін емес еді. Ислам революциясы Сақшылар корпусының зымырандары Америка базасын (Әл-Асад) талқандаған күн де ​​Алланың күндерінің бірі. Бұл күндер тарихта қалды. Бір күштің, ұлттың осындай күшке ие болуы, дүниенің үстемшіл, озбыр күшін осылайша шапалақтай алатын рухани күшке ие болуы илаһи құдіретті   көрсетеді, сондықтан ол күн Алланың бір күні. Күндер өтеді, бірақ бұл күндердің салдары халықтар өмірінде, ұлттардың рухында,  жолында қалады. Бұл күндері қалдырған туындылары мәңгілік»,- деді.  

Қажы Қасым, Әбу Мәһди әл-Мохандес пен олардың серіктерінің шәһид болғанына үш жыл болды. Бірақ генералдың есімі мен оның жасаған жиһады әлемнің әр еліндегі ғашықтарының санасы мен жүрегінде әлі де тірі. Оның жауларының өшпенділігі жалғасуда. Бұл жолы киберкеңістікте және әлеуметтік желілерде біз жыл сайын Сардар Сүлейманидің шәһид болған күнініңе байланысты  хэштегтерді көреміз. Бірақ әртүрлі әлеуметтік желілер қажы Касым Сүлейманидің аты мен суретін жариялауға қарсы әртүрлі тәсілдермен күресті: жазбаларды өшіріп, қолданушыға ескерту жасаудан бастап, аккаунтты толығымен өшіруге немесе оны уақытша тоқтатуға дейін. Hero хэштегінің науқаны сияқты, Instagram бұл хэштегті 13 миллионнан астам жазбамен шектеді. Бұл жазбалар мен парақтардың жойылуына әкелді. Дегенмен, бұл қозғалысты ирандық, ливандық, ирактық және ауғандық және т.б. пайдаланушылар жыл сайын шәһид Қасым Сүлейманиді еске алу үшін ұстанады.