Әйелдер хазірет Фатима-Заһрамен (ғ.с.)
Хазірет Фатима (ғ.с.) дүниеге келгенде, одан нұр жарқырап, Меккенің үйлерін нұрландырды. Ол үйге әрқайсысы Кәусар суы толтырылған екі ыдысты көтерген он хор қызы кірді.
Хазірет Хадиджаның алдында тұрған әйел Фатиманы (ғ.с.) алып, Кәусардың суымен жуындырды. Ол сүттен ақ, хош иісті ақ матаны шығарып, Фатиманы (ғ.с.) оған орап, екінші матамен басын жапты. Осы кезде үй іші ерекше көңіл-күйге бөленді. Аспандағылар да әлем әйелдерінің көшбасшысының дүниеге келгенімен бір-біріне сүйіншілеген. Хадиджаға көмектесуге келген төрт әйел оған бұрылып: «Тазартатын, тазарған (таза және пәк) және берекелі мына қызды ал. Алла оған және оның ұрпағына батасын берді»,- деді. Хадиджа сүйікті баласын құшақтаған кезінде қуанышын жасыра алмады, баласын ана сүтімен тамақтандыра бастады. Осылай Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы Фатима (ғ.с.) беғсаттың бесінші жылы, жұмади әс-сани айының 20-шы жұлдызында дүниеге келді.
Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күні құтты болсын!
Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүйікті қызы хазірет Фатима (ғ.с.) илаһи сұлулық пен ұлылықтың және кемел адам болудың көрінісі. Сондықтан Ислам пайғамбары оны әлем әйелдеріне үлгі әрі көшбасшысы ретінде таныстырды. Расында, Исламның келуімен және хазірет Фатиманың (ғ.с.) дүниеге келуімен Алла Тағала әлемге әйелдердің жаңа үлгісін ұсынды. Оның болмысының негізі – таухид және Алла құлшылық жолындағы қозғалыс және ол осы монотеистік көзқараспен тарихқа енді. Қасиетті Құран аяттары бойынша үлгі болу жынысына қарамастан адам баласына тән қасиет.
Қасиетті Құран мүмінге «үлгі» көрсеткісі келгенде, әйелді үлгі етіп көрсеткенін көреміз. «Тахирим» сүресінде перғауынның әйелі Әсияны әрбір еркек пен әйелге үлгі қылып көрсетеді. «Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: “Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар” деген еді». («Тахрим» сүресі, 11-ші аят). Бұл илаһи кітаптан біз әйелдердің жоғары болмысын құрметтеудің үлгісін көреміз. Бұл қоғамның жартысына деген исламның таңғаларлық көзқарасын көрсетеді. Қасиетті Құран Кәрімде ерекше қасиеттерге ие әйелдерге тоқталып, әйелдер мен үйде тыныштық орнату, әйелдер мен жұбайларына деген сүйіспеншілігін, әйелдер және халық санының артуы оларға қатысты ең маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Кейбір жағдайларда ол тіпті әйелді еркектен артық көреді, өйткені Құран Кәрімде баланың анаға қызмет етуін қажеттілеу деп санайды. Хадистерде де Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) әйелдерді қатты құрметтегені айтылады. Хазірет: «Әйелдер - ерлердің екінші жартысы»,- деді.
Ислам пайғамбары әйелдердің адалдығын, саяси және әлеуметтік салаларда әйелдердің иелігін және қатысуын бекітті. Хазірет әйелге зұлымдық жасаған еркекке деген өшпенділігін, жиіркенішін талай рет айтқан. Имам Хұсейн (ғ.с.): «Алла Елшісі әйелдерге сәлем беріп, әйелдер де Пайғамбарға жауап беретін»,- деген.
Иран Ислам революциясында әйелдер өз тағдырларын анықтауда жетекші элементке айналды және рөл атқаруға талпынды. Бұл жолда хазірет Фатима (ғ.с.) олардың жол шырағы болды. Әйелдердің бірі: «Әйел ретінде менің кім екенімді түсіну - бұл азаттық. Алла Тағала хазірет Фатиманы (ғ.с.) үлгі етіп, менің өзіме деген құрметімді қайтарып, дүниені өзгерте алатынымды сезетіндей дәрежеге жеткізді»,- деп айтты.
Шәһид Қасым Сүлейманимен отбасылық қарым-қатынаста болған Сақшылар корпусының мүшесі Насрале Джаханшахи: «Қасымның «қажы Қасым» атануының бір себебі әйелінің қолдауы болды. Расымен де, менің де, әйелім де растағандай, Қасым қажыға әйелі ешқашан «қазір жұмыс істейтін уақыт емес, қайыт, отбасына қара» деп айтпаған. Қажының бұл жетістікке жетуіне шынында да әйелі себепкер болды. Менің де Қажыға еріп жүруіме әйелімнің түсінуі себеп болды»,- деді.
Ислам революциясында әйелдер үшін ғылыми, экономикалық және саяси қызмет пен күш-жігер өрісі ашылды. Әйелдердің тиімді қатысуы, шәһидтердің аналары мен әйелдерінің құрбандығы мен жанкештілігі, білім берудегі көшбасшылық және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, елдің дамуы үшін қызмет ету әлемге ирандық әйелдердің көрнекті келбетін көрсетті. Бұл имам Садықтың (ғ.с.) «жақсылықтың көбі әйелдерде» деген сөзінің көрінісі. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи әйелдердің болмысы туралы ең әдемі талдау жасады. Олар мұндай әйелдерді «мұсылман әйелдерінің үшінші үлгісі» деп атады. Мұсылман әйелінің үшінші үлгісі іс-әрекеті жағынан ерекшеленеді. Ол шығыста да, батыста да емес. Шығыс әйелі ешқашан сахнада болмаған және шетте қалған. Оның тарихыта рөлі жоқ, ол үшін белгіленген функция тек бала көтеру болып табылады. Батыс әйелі – нәпсіқұмарлығы адамдығын жеңетін әйел. Оған капиталистер қызығушылық танытады және оның көптеген интеллектуалды және ғылыми таланттарына, сондай-ақ жаратылысындағы ерекшеліктеріне қарамастан, ол ер адамдармен бәсекелеседі. Алайда, әйелдің үшінші үлгісі шетте қалмайды, әлеуметтік аренада жарнама ретінде де көрінбейді. Мұсылман әйелдің өмірі нұрдың түсімен ерекшеленеді. Өйткені ол әрқашан Алланың бақылауында және хазірет Фатима-Захраның (ғ.с.) назарында рөл атқарады. Ол өзінің болмысын мақтан тұтады.
Үшінші үлгілі мұсылман әйелінің қызметінің негізгі бағыты – отбасы, интеллектуалды және эмоционалды көшбасшы ретінде ол отбасындағы өсіп-өркендеу үшін құнды адами ресурстарды тәрбиелейді. Сонымен бірге ол саяси, әлеуметтік және мемлекеттік салаларда белсенді және тиімді қатысады. Марьям Хұсейни ханым: «Мен үшін өмір тәтті, өйткені менің отбасым сияқты ұдкен қазынам бар. Мен жақсы көретін жұбайым мен балаларым. Ерлі-зайыпты өмірде көптеген қиындықтар бар, бірақ мен жұбайыма сүйенуді және оның тірегі болуды үйрендім», - дейді. Хазірет Фатима (ғ.с.) жұбайы туралы сүйіспеншілікпен былай деп айтқан:
Әли – илаһи басшы
Нұр мен жарықтың көрінісі
Барлық жаратылыстар мен мистиктердің көңіл бөлетін орталығы
Ол пәк отбасынан шыққан пәк перзент
Ол – шыншыл әрі тура жол көрсетуші
Ол имамат пен басшылықтың орталығы.
Соңғы айларда Батыс мұсылман әйелдері мен қыздарына дөрекі және адамгершілікке жатпайтын үлгі ұсынуға тырысты. Сарапшылар діни мәдениеттің дамуын батыстықтардың исламға деген дұшпандық танытуының басты себебі деп тапты. Олар осы дамудың себебін ИИР-ның табысы мен осы илаһи жүйеден үлгі деп санайды. Осы себепті олар «Әйел, өмір, азаттық» деген ұранымен әлемде Исламның өсуіне тосқауыл қойып, жемқорлық пен жезөкшелік мәдениетін таратып, Ислам республикасын құлатқысы келді. Бірақ қанша талпыныс пен қастандықтарға қарамастан, Иранның қүдыретінің және әлемде ислам мен хиджабқа бет бұрудың куәсі болудамыз.
Америкадағы «Pew» зерттеу орталығы мен Ұлыбританияның Уайтхолл ұлттық статистика басқармасы жүргізген зерттеулерге сәйкес, зайырлы нанымдардың әлемнің түкпір-түкпірінде таралуына қарамастан, 2050 жылға дейін екі діннің, Ислам және Христиан діндерінің әлемдегі ең көп ізбасарлары болады. Бір қызығы, 2050 жылға қарай әлем халқының 2,8 миллиарды, яғни жер бетіндегі тұрғындардың 30 пайызын мұсылмандар құрайтын болады.
Бұл есеп бойынша Америкадағы мұсылмандар саны 2027 жылға қарай артып, Ислам Америкадағы екінші дінге айналады. Сондай-ақ 2050 жылға қарай Еуропа құрлығы тұрғындарының он пайызын мұсылмандар құрайтыны айтылған. Шындығында, бүгінгі әлемде батыстың зайырлы және материалистік мәдениеті өзінің бояуын жоғалтып, адам, әйел, ер, өмір, бостандыққа деген көзқарасының арқасында Исламға бет алғандардың саны артып келеді. Ислам өмірдің мақсатын рухани өлшемде және адамдық ұстанымда айқындап, еркіндікті ерлер мен әйелдердің илаһи даму жолында түсіндіреді. Әйелдер осы ақиқатты түсіне отырып, Исламның ұлық ханымы хазірет Фатиманың (ғ.с.) жүріп өткен өмірі мен жолын өз істерінің бастауы етіп, әлем әйелдеріне үлгі болады деп үміттенуге болады.