-
Теһран жұма намазының құтпалары
Маусым 14, 2019 18:28Теһран жұма намазының құтпагері: "АҚШ-пен келіссөз жүргізудің еш пайдасы жоқ. Иран халқы экономикалық қысымдар астында ешқашан келіссөз жүргізбейді",-деді.
-
Зариф: АҚШ-тың Иранға қарсы сөздері "B" тобының бүлдіргі жобасы негізінде айтылып отыр
Маусым 14, 2019 13:52Иран Сыртқы істер министрі америкалық басшылардың Теһранның Оман теңізінде екі танкердің жарылуына қатысы бар деген сөздеріне реакциясында: "Вашингтонның Теһранға қарсы негізсіз уәждері "B" тобының "В" жобасын, яғни бүлдіру дипломатиясын көздеп отырғанын көрсетеді",-деді.
-
АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы атқан оғы тасқа тиді
Маусым 14, 2019 13:31БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбі күні түнде АҚШ-тың қысымымен Оман теңізінде орын алған танкерлер оқиғасына қатысты төтенше отырыс өткізді. Алайда отырыс нәтижесіз аяқталды.
-
Трампты жолдау алмасуға лайықты адам деп санамаймын. АҚШ-пен келіссөз жүргізбейміз
Маусым 14, 2019 00:24Ислам революциясының жетекшісі бейсенбі күні Жапония Премьер-министрі бастаған делегациямен кездесіп: «Иран АҚШ-қа мүлде сенбейді. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында АҚШ-пен жүргізген келіссөздерінің ащы тəжірибесін қайталамайды. Өйткені ешбір ақылды азат халық қысым астында келіссөз жүргізуді қабылдамайды», деді.
-
Зариф: ИИР АҚШ-ты қажет етпейді
Маусым 10, 2019 09:28Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық лаңкестігін тоқтату қажеттілігін қуаттап: «Теһран АҚШ-ты қажет етпес түгіл, бұл елмен қатынас орнатуды көздемейді»,- деді.
-
Сауд Арабиясы ядролық қаруларға қол жеткізуді көздейді
Маусым 08, 2019 13:03Америкалық ақпарат құралдары Сауд Арабиясының Ақ үйдің қолдауымен ядролық қаруларға қол жеткізуді көздейтінін хабарлады.
-
Помпео Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамау ықтималына алаңдаушылық білдірді
Маусым 04, 2019 14:20АҚШ-тың 2018 жылдың мамыр айында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шыққанына қарамастан, осы елдің басшылары өз ұстанымдарында Иранның осы ядролық келісімдегі міндеттемелерін орындамау ықтималына алаңдаушылық білдіріп отыр.
-
АҚШ Иранмен келіссөзге белгілеген 12 шартынан бас тартты
Маусым 03, 2019 13:54Иранмен келіссөз жүргізу үшін 12 шартты белгілеген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бір жылдан кейін АҚШ-тың ешбір шартсыз Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін туралы жариялады.
-
Гонконг АҚШ-тың Иранмен мұнай саудасына қатысты қоқан-лоққысына жауап берді
Маусым 02, 2019 10:13Гонконг үкіметі ирандық танкерлерге осы елдің терминалында тоқтап, қызмет көрсетілуіне рұқсат бергені үшін АҚШ-тың бұл аймаққа санкция салатыны туралы қоқан-лоққысын теріске шығарды.
-
Жетекші көзқарасы: Иранның АҚШ-қа қысым жасау тетіктері тиімділігін көрсетті
Maм 30, 2019 14:13Ислам революциясының жетекшісі Иранның АҚШ-пен мүлде келіссөз жүргізбейтінін қайталап: "АҚШ-пен келіссөз жүргізбеудің себебі мынада: біріншіден, мұның ешқандай пайдасы жоқ, екіншіден, зияны болады",-деді.