Pars Today
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) ақпарат өкілі палестиналықтарды "Дүниежүзілік Құдс күні" деп аталған рамазан айының соңғы жұма күнінде шеруге кең түрде қатысуға шақырды.
Иранның Жоғары соты дүниежүзінің мұсылман халықтарының Әлемдік Құдс күніне жаппай қатысып, билеп-төстеуші үкіметтерге халықаралық тұрғыдан мұсылмандардың ояу, қырағы әрі біртұтас екені туралы жолдауды жеткізгенін қуаттады.
Әлемдік Құдс күніне арналған шерулер әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде жалғасуда.
Нью-Йорктегі бір топ сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы жасаған қылмыстарына наразылық білдіріп, шеруге шықты.
Дүниежүзілік Құдс күні шеруінің қорытынды мәлімдемесінде Құдс Шәріпті азат ету мен Палестинаның мазлұм әрі қорғансыз халқын сионист басқыншылардың үстемдігінен босату және Иран ислам революциясының асқақ армандарының қатарына жататын «Израиль» атты қатерлі ісікті жоюға талпыныс жасау баса айтылды.
Теһран жұма намазының имамы: "ИИР зымырандық қуатын қорғап, қалағанынша зымыран жасап, оның ұшу қашықтығын арттырады",- деді.
Дүниежүзілік Құдс күнгі шерудің баяндамашысы Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани: "Бүгінде Палестина халқының қарсыласуы мен қырағылығы сионистік режимді алаңдатып, олар қауіпсіздіктің шайқалғанын түсінді",- деді.