-
Басып алынған аумақтардың әртүрлі аудандары тағы да Палестина қарсыласуының зымырандық және ұшқышсыз ұшақ шабуылдарының нысанасына айналды
Қаз 21, 2023 17:39ХАМАС-тың әскери тармағы әл-Қассам батальоны қылмыстарға жауап ретінде Газа секторының айналасындағы сионистік елді мекендер Сдерот, Ашкелон және басқа да бірнеше елді мекендерді зымыранмен нысанаға алғанын мәлімдеді.
-
Махмұт Аббас Байденнің телефон қоңырауын қабылдамады
Қаз 20, 2023 16:26Араб ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ Президентінің басып алынған жерге сапары барысында Палестина автономды құрылымының басшысы Байденнің телефон қоңырауын қабылдамады.
-
Пентагон: Йеменнен атылған бірнеше зымыран мен дронды атып түсірдік
Қаз 20, 2023 15:08АҚШ Қорғаныс министрлігі Йемен жағалауында бір америкалық әскери кемеге зымырандық шабуыл жасалғанын хабарлап: "Йеменнің Ансаролла тобы тарапынан атылған бірнеше зымыран мен дронды атып түсірдік. Олар Израильге бағытталған болуы мүмкін",-деп уәж айтты.
-
Ислам ынтымақтастық ұйымы Израильдің Палестинаға қарсы соғыс қылмыстарын доғару керегін бірауыздан қолдап отыр
Қаз 20, 2023 14:25Иран Сыртқы істер министрі Ислам ынтымақтастық ұйымының Палестина мәселесіне қатысты төтенше отырыс өткізгенін айтып: "Осы отырысқа қатысқан барлық елдердің Сыртқы істер министрлері сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауының тұрғындарына қарсы соғыс қылмыстарын дереу доғару керегін қолдайды",-деді.
-
Тель-Авив Газаның 24 ауруханасы шұғыл түрде босатылады деп ескертті
Қаз 19, 2023 18:19Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сионистік режимнің Газадағы 24 ауруханаға қысым жасап, оларды босату туралы ескерту айтқанын хабарлады.
-
Амир Абдуллахиан: Ислам елдері сионистік режимге мұнай санкциясын салып, оның елшілерін елдерінен шығарсын
Қаз 18, 2023 17:50Иран Сыртқы істер министрі Джиддада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының атқарушы комитетінің төтенше отырысы аясында осы ұйымның бас хатшысымен кездесіп, сұхбаттасты.
-
Хания: АҚШ әл-Момадани ауруханасына жасалған шабуылға жауапты
Қаз 18, 2023 16:52ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания әл-Момадани ауруханасындағы қырғын сионистік режимнің ойсырай жеңілгенін көрсететінін айтып: "Сионистік дұшпанды шектеусіз қолдайтын америкалықтар әл-Момадани ауруханасында жасалған қылмысқа жауапты",-деді.
-
Исламдық джиһад қозғалысы сионистік режимнің позицияларына "әл-Қассам" зымыранымен шабуыл жасады
Қаз 16, 2023 16:47Палестина Исламдық джиһад қозғалысының әскери тармағы: "Қозғалыстың жауынгерлері сионистік режимнің позицияларын "әл-Қассам" дамыған зымыранымен нысанаға алды",-деп хабарлады.
-
АҚШ Президенті сионистік режимнің шабуылдарын қолдай келіп, Газа секторын қайта басып алу ықтималының салдары туралы ескертті
Қаз 16, 2023 16:33Джо Байден: "Израильдің Газаны қайта басып алуы үлкен қателік болады",-деді.
-
Газа мәселесінде адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылардың шынайы келбеті көрінді
Қаз 16, 2023 16:12ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Газаның жағдайына тоқталып: "Бүгінде біз Газадағы қанды қырғыннан адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылардың екіжүзді келбетін бұрынғыдан да айқын көрдік",-деді.