-
Малайзия, Бенин, Словения, Таиланд пен Мексика елдерінің жаңа елшілері Иран президентіне сенімхаттарын тапсырды
Маусым 21, 2017 04:52Малайзия, Мексика, Словения, Бенин мен Таиланд елдерінің жаңа елшілері Иран президентіне сенімхаттарын тапсырды.
-
Баку мен Теһранның мұнайдан тыс саудасының көлемі 75 пайызға артты
Маусым 20, 2017 13:53Ирандағы Әзірбайжан республикасының елшісі Бонияд Хосейнов екі ел арасындағы сауда байланыстарының даму үдерісіне тоқталып: «Өткен 4 жылда Иран мен Әзірбайжан республикалары арасындағы мұнайдан тыс сауда айналымы 75 пайыздан асты» деді.
-
Иран мен Италия арасында мұнай-газ екі алаңын дамыту туралы келісімге қол қойылды
Маусым 20, 2017 13:10Иранның ұлттық мұнай компаниясы мен Италияның ENI мұнай компаниясы сейсенбі күні Теһранда мұнай мен газ екі алаңын дамытуды зерттеу туралы келісімге қол қойды.
-
Тиллерсонның сөздері – халықаралық құқықтарды әшкере түрде бұзу
Маусым 20, 2017 11:23БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Ғоламали Хошру БҰҰ-ның Бас хатшысына жолдаған хатында АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөздерін халықаралық құқықтардың негіздеріне қайшы және 1981 жылғы Алжир келісімі мен АҚШ-тың басқа міндеттемелерін бұзатын араласушылық деп атады.
-
Сирия дағдарысын шешу туралы Астананың бесінші отырысы шілденің 4-5 күндері өтеді
Маусым 20, 2017 09:48Қазақстан дүйсенбі күні Женевадағы Сирияның бейбітшік келіссөздерінен бұрын Астана келіссөздерінің келесі кезеңінің Ресей, Иран және Түркияның қатысуымен өтетіні туралы хабарлады.
-
Иран 52 флотилиясын азат суларға шығарды
Маусым 20, 2017 05:57ИИР Армиясының Стратегиялық теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Сайяри Иранның 52 флотилиясын азат суларға шығарғанын мәлімдеді.
-
Сақшылар корпусының Сириядағы лаңкестерге қарсы зымырандық шабуылы әлемдік ақпарат құралдарында жаппай реакция тудырды
Маусым 19, 2017 08:55Ислам революциясы Сақшылар корпусының Сирияның Дейр аз-Зур аймағындағы лаңкестердің позицияларына қарсы зымырандық шабуыл жасағаны туралы хабар әлемнің ақпарат құралдарында шұғыл түрде көрініс тауып, ең маңызды жаңалыққа айналды.
-
АҚШ Сенатының қаулысы – дұшпандық әрі заңсыз әрекет
Маусым 19, 2017 06:18ИИР Ұлттық Қауіпсіздігі Жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани: "АҚШ Сенатының «Ортақ қадам» бағдарламасына қайшы бекіткен қаулысы ИИР-ға қарсы заңсыз және дұшпандық әрекет",-деді.
-
Америкалықтар әдісін өзгертпесе, Иран маңызды қадам жасайды
Маусым 18, 2017 11:18Иран Қарулы күштерінің ақпарат өкілі бригада генералы Джазайери: "Егер америкалықтар мен сионистер өз әдістерін өзгертпейтін болса, Иран маңызды қадамдар жасайды",- деді.
-
Иранда соңғы Қадір түніне арналған рәсімдер өтті
Маусым 18, 2017 11:01Қасиетті Қадір түндерінің үшінші және соңғы түніне байланысты арнайы рәсімдер исламдық Иранның жер-жерінде мүміндерің қатысуымен өтті.