Pars Today
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі аймақтық дағдарыстардың АҚШ пен сионистік режимге тиімсіз бағытта жылдам қозғалып бара жатқанын айтып: "Ғасыр мәмілесі" – АҚШ-тың қарсыласу қозғалысынан жеңілістерін жасыруға бағытталған жоба",-деп қуаттады.
Иран Президенті басқыншыларға төтеп бергеннен басқа жолдың жоқтығын айтып: "Иран текетірес пен қақтығыс саясатын қаламайды, алайда тізе бүгіп, бас ию саясатын да қабылдамайды",-деді.
Жүздеген мұсылман, азаматтық топтардың белсенділері, адам құқығын қорғаушылар мен наразылар АҚШ Президенті Дональд Трамптың "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсылық білдіріп, сенбі күні Лондондағы АҚШ елшілігінің алдына жиналды.
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі «Ғасыр мәмілесін» исламдық жерлерді сату және бөлшектеу жобасы деп атап, Трамп пен Нетаньяхудың бұл әрекетінің крест соғыстарының жалғасы екенін қуаттады.
Иранның Сот органының басшысы: "Ғасыр мәмілесі" атты америкалық жоба халықаралық заңдарға қайшы және зұлымдық пен басқыншылықты нығайтуға бағытталған алдарқатушы тәсіл",-деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйге енгеннен бері Израиль режимін қалтқысыз қолдап, бұрын-соңды болмаған ұстаным білдіріп, елдің бұрынғы басшылары бас тартқан шараларды атқарды.
Палестина автономды құрылымының басшысы "Ғасыр мәмілесі" сионистік жобасының таныстырылғанына реакциясында: "Құдс сатылмайды. Бұл қастандық жобасы орындалмайды",-деп мәлімдеді.
АҚШ Президенті палестиналықтарға қарсы "Ғасыр мәмілесі" атты сионистік жобаны таныстырды.
Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы "Ғасыр мәмілесі" жобасына байланысты өтетін Манамадағы экономикалық конференцияны ұятты оқиға деп атады.
Палестина мәселесі ислам әлемінде сондай маңызды болып, араб басшыларының заңдылығы немесе заңды болмауының факторы бола алады.