-
Иранның отырып ойнайтын волейбол командасы әлемнің ең үздік командасы атанды
Қаң 24, 2023 15:05Дүниежүзілік волейбол федерациясының мәлімдеуінше, Иранның отырып ойнайтын волейбол командасы бұрынғыдай әлемнің ең үздік командасы деп танылды.
-
Қалибаф: Швеция ашық исламофобияны сөз бостандығы деген жалған бетперденің артына жасыра алмайды
Қаң 24, 2023 14:36Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Швецияда Құран кітабына көрсетілген құрметсіздікті айыптап: "Швеция басшылары алдын ала жоспарланған ашық исламофобияны сөз бостандығы деген жалған бетперденің артына жасыра алмайды",-деді.
-
Швецияда Құран Кәрім өртелді
Қаң 23, 2023 12:08Сенбі күні Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Билстрем Twitter желісіндегі хабарламасында Стокгольмде Құран Кәрімді қорлауға қатысты көптеген елдердің сынына реакция білдірді. Биллстрем твитінде: «Исламға қарсы үгіт-насихат – қорқынышты нәрсе. Швеция толық сөз бостандығына ие, бірақ бұл Швеция үкіметі немесе мен бұл көзқарастарды құптайды дегенді білдірмейді»,- деп жазды. Осылайша Швеция үкіметі осы елдің астанасы Стокгольмде Құран Кәрімді қорлауға қатысты екі жақты ұстанымды ұстанды.
-
Антифа тобы мен американдық полиция арасындағы қақтығыс
Қаң 23, 2023 11:31Антифа мүшелері Джорджия штатының Атланта қаласында полиция көлігін өртеп жіберді. Қақтығыс кезінде полиция қызметкері жарақат алды. Полиция күш қолдану арқылы 6 адамды ұстады. Антифа – АҚШ-тағы солшыл антифашистік және нәсілшілдікке қарсы саяси қозғалыс.
-
Өткен тәулікте Украина армиясы көп шығын көрді
Қаң 22, 2023 15:50Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі: "Ресей армиясы өткен тәулікте жүргізген әскери амал барысында Украина армиясына көп шығын әкелді",-деді.
-
Еуропа кеңесі Сақшылар корпусын лаңкес деп таныған жағдайда Иран NPT хаттамасынан шығуы мүмкін
Қаң 22, 2023 15:01Иран Сыртқы істер министрі Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусына қарсы әрекетіне реакциясында Иранның NPT хаттамасынан (Ядролық қаруларды таратуға тыйым салу келісімі) шығуы мүмкін екенін айтты.
-
Иран мен Тәжікстан арасында фармацевтика саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Қаң 22, 2023 14:43Теһранда Иран мен Тәжікстан басшыларының қатысуымен екі ел арасында фармацевтика саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
-
Иран Мәжілісі Еуропаның Сақшылар корпусына қарсы кез келген әрекетіне шұғыл қарымта шара қолданады
Қаң 22, 2023 14:09Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Парламент Сақшылар корпусына қарсы кез келген әрекетке шұғыл түрде қарымта жауап беруге дайын",-деді.
-
Қытайдың Тибет аймағында қар көшкіні 28 адамның өмірін қиды
Қаң 21, 2023 11:19Қытайдың Тибет аймағында орналасқан Нинчи қаласында қар көшкіні салдарынан 28 адам қаза тапты. Мәліметтер бойынша апат орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 1348 адам жіберілді. Қазірге дейін құтқару күштері 53 адамды аман алып қалды, олардың бесеуінің жағдайы ауыр.
-
Солтүстік Сібірдегі биік құрылыстың қирау сәті
Қаң 21, 2023 11:04Бұл бейнеде Солтүстік Сібірде жарылғыш заттарды қолдану арқылы ұзындығы 150 метрлік ескі мұржаның қираған суреттерін көруге болады.