-
Иран Президенті Арменияға келді
Қаз 01, 2019 11:32ИИР Президенті Хасан Рухани Армения Премьер-министрінің ресми шақыруымен Еуразия Одағы басшыларының саммитіне қатысу үшін дүйсенбі күні кешке саяси және экономикалық жоғары лауазымды делегацияны бастап, Ереванға келді.
-
Руханидің Армения сапары – Иран мен Еуразия байланыстарының жаңа кезеңі
Қыр 30, 2019 18:39ИИР Президенті Хасан Рухани Армения Премьер-министрінің ресми шақыруымен бүгін дүйсенбі күні Ереванға аттанады.
-
Иран мен Еуразия арасында преференциалды тариф жойылады
Қыр 30, 2019 13:18Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Иран Президентінің Армения сапарымен тұспа-тұс Иран мен Еуразия елдері арасындағы кейбір тауарлардың преференциалды тарифының жойылатынын хабарлады.
-
Қазақстанның әскери делегациясы Өзбекстанға келді
Қыр 30, 2019 11:46Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Қайдар Қарақұлов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы Өзбекстанға келді.
-
Гуанчжоу қаласының бұрынғы әкімінің үйіндегі жертөледен 13,5 тонна алтын табылды
Қыр 29, 2019 19:04Полиция қызметкерлері Гуанчжоу қаласының бұрынғы әкімі Чжан Цидің үйінен 13,5 тонна алтын тапты.
-
Ауғанстанда президенттік сайлау өтті
Қыр 29, 2019 18:23Ауғанстанның президенттік сайлауы сенбі күні таңертең 12 үміткердің бәсекеге түсуімен басталды. 150 мың отандық және шетелдік бақылаушы, соның ішінде БҰҰ мен Ираннан келген бақылаушылар сайлауға бақылау жасады. Миллиондаған ауғандық қауіпсіздік жағдайының күрделілігі мен минометтік шабуылдарға қарамастан, дауыс беруге барды.
-
Зариф: АҚШ қандай соғыс бастаса да, оны аяқтауға шамасы жетпейді
Қыр 29, 2019 15:57ИИР Сыртқы істер министрі Зариф сенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы киберлік соғыс бастағанын айтып: "АҚШ қандай соғыс бастаса да, оны аяқтаушы болмайды",-деді.
-
Ресей Аляскаға жақын жерде зымырандық сынақ өткізді
Қыр 29, 2019 15:47Ресей Қорғаныс министрлігі бейнетаспа таратып, кемеге қарсы Яхонт атты қанатты зымыранның сынақтан сәтті өткенін хабарлады.
-
Сауд Арабиясының СІМ Иранға қысымды арттыруды сұрады
Қыр 28, 2019 19:20Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Ибраһим бен Абдулазиз бен Абдулла әл-Ассаф БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Иранды Aramco мұнай нысандарына шабуыл жасады деп айыптап, әлемдік қауымдастықтан Иранның аймаққа ықпалын тоқтату үшін Теһранға қарсы қысымдарды арттыруды сұрады.
-
Ауғанстанда президенттік сайлау басталды
Қыр 28, 2019 17:11Ауғанстанда президенттік сайлау сенбі күні таңертең шамамен 5 мың дауыс беру орталығы мен 30 мың сайлау учаскесінде басталды. Сайлау жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 дейін өтеді. 5 мың дауыс беру орталығының 1500-і қауіпсіздік тұрғысынан қатерге ұшырап отыр. Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты шамамен 450-ге жуық орталықтың да ашылмайтынын хабарлады.