Иранның Мұнай министрі: Энергия өндірушілерге қарсы агрессия жаһандық тұрақтылыққа қауіп төндіреді
(last modified Wed, 09 Jul 2025 14:47:13 GMT )
Шіл 09, 2025 20:47 Asia/Almaty
  • Иранның Мұнай министрі: Энергия өндірушілерге қарсы агрессия жаһандық тұрақтылыққа қауіп төндіреді

ParsToday - Иранның Мұнай министрі энергия өндіруші елдерге қарсы агрессияның халықаралық құқықты бұзу және жаһандық тұрақтылыққа қатер төндіретініне тоқталып: «Энергетика өнеркәсібі, әсіресе мұнай, ұлттық, аймақтық және жаһандық өркендеудегі рөлін атқару үшін бейбітшілік пен тұрақтылыққа мұқтаж»,-деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Мұнай министрі Мохсен Пакнежад сәрсенбі күні ОПЕК-тің 9-шы халықаралық семинарының ашылу салтанатына арнаған бейне үндеуінде: «Сионистік режимнің АҚШ-тың сүйемелдеуімен әлемнің негізгі және ұзақ мерзімді энергия жеткізушілерінің бірі болып табылатын Иран Ислам Республикасының аумақтық тұтастығына қарсы, әсіресе, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дипломатиялық келіссөздер бейбіт келіссөздер жүргізіліп жатқан кезеңде аяусыз әскери басқыншылығы,  халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын ашық түрде бұзу болып табылады»,- деді.