Иран армиясы теңіз күшінің зымырандық топтары жағалауларға орналастырылды
ИИР армиясы теңіз күшінің қолбасшысы осы күштің зымырандық және электрондық соғыс топтарының Иранның барлық жағалауларына орналастырылғанын хабарлады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран армиясы теңіз күшінің қолбасшысы адмирал Хабиболла Саяри дүйсенбі күні кешке Теһранда өткен рәсімде Иран теңіз күшінің жауынгерлік әлеуетінің жоғарылағанына сілтеме жасап: «Жауынгерлік әлеуетті жоғарылату үшін Иранның барлық жағалауларына қуатты зымырандық және электрондық соғыс топтары мен аса қуатты және әуе мен теңізде өте қолайлы ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар орналастырылды.
Иран армиясының теңіз күші электрондық соғыс, ұшқышсыз басқарылатын ұшақ және әуе- теңіздің түрлі салаларында айтарлықтай жауынгерлік күш- қуатқа ие» деді.
Ол сондай- ақ 2017 жылдың басына дейін «Фатех» жартылай салмақты сүңгуір қайығының Иран армиясының теңіз күшіне қосылатындығын хабарлап: «Сүңгуір қайықтар саласында да Иран армиясының теңіз күші «Ғадир» класындағы сүңгуір қайықтарға ие.
Иран армиясының бейбітшілік пен достық эскадралары да Тынық мұхиты, Оңтүстік Қытай теңізі, Оңтүстік Үнді мұхиты, Жерорта теңізі мен Каспий теңізінде құзырға ие» деді.