Барлау министрі: Елге инвестиция салуға қызығушылық пайда болды
Иранның Барлау министрі: «Ирандағы тұрақты қауіпсіздікке байланысты елдің экономикасы мен өндірісіне қатысып, инвестиция салуға қызығушылық артты»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Махмуд Алави жексенбі күні түстен кейін Иранның орталық бөлігінде орналасқан Делиджан қаласындағы жамағат мешітінде сөйлеген сөзінде: «Аймақтағы тынышсыз жағдай көптеген инвесторлардың Иранның экономикасына атсалысуға ұмтылуына себеп болды. Бұл – елдегі мықты қауіпсіздік жүйе жұмысының нәтижесі»,-деді.
Иранның Барлау министрі: «Қазір әлемде ИИР-на соққы беруге тырысатын көптеген елдер бар, алайда елдегі жүйенің әртүрлі бөлімдерін бақылап, хабардар болу осы қастандықтарға бөгет болып келеді»,-деді.
Ол: «Қазіргі таңда шығыс пен батыстан елге жарылғыш заттар кіргізіледі. Дұшпандар сүнниттер мен шиіттер арасында қайшылық тудыруға тырысып жатыр, бірақ бұл айла-шарғылар мен қастандықтар Алланың қолдауымен нәтижесіз қалады»,-деді.