2017 жылы Иран 777 миллион баррель мұнай экспорттады
Иран өткен жылы Азия және Еуропа мемлекеттеріне 777 миллион баррель мұнай экспорттады.
Мұнай және энергетика ақпарат сайты (SHANA) дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап: «Иран 2017 жылы күніне шамамен 2 миллион 130 мың баррель мұнай экспорттады. Осы көлемнің 62 пайызы Азия мемлекеттеріне, 38 пайызы Еуропа елдеріне экпортталды» деп хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, Қытай мен Үндістан Азия аумағындағы, ал Түркия мен Италия Еуропа жеріндегі Иранның ең ірі сатып алушылары саналады. Сонымен қатар, Иран өткен жылы 180 миллион баррель газ конденсатын экспорттауда табысқа жеткен. Иранның ұлттық мұнай компаниясы сондай-ақ, 2017 жылы шамамен 17 миллион тонна бензин, 2 миллион тонна дизель жанармайды көршілес мемлекеттерге экспорттады.