Зангане: Әлемдік нарық Иран мұнайының орнын толтыра алмайды
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане: "Сауд Арабиясы мен Ресейдің мұнай өндірісі қазір тарихтағы өзінің ең жоғары деңгейіне жақындап қалды. Бұл екі елде көбірек өндіріп, Иранның мұнайын алмастыратындай қосымша әлеует жоқ",-деді.
Ол Сауд Арабиясы мен Ресейдің көбірек мұнай өндіріп, Иранның үлесін алмастыруға қауқарсыздығының нарықты алаңдатып отырғанын, мұнай бағасы өсуінің әлем экономикасына қатты әсер ететінін айтты.
Зангане Сауд Арабиясының ОПЕК-тің мұнай өндірісін азайту жайлы келісімін бұзып жатқанын, оның себебін АҚШ-тың саудиялық басшыларға қысым жасауы деп сараптады.
ОПЕК-ке мүше елдер 2018 жылдың 22 шілдесінде Венада өткен Мұнай министрлерінің отырысында мұнай өндірісін бұрынғыдай күніне 1 млн 800 мың баррель межеде сақтап тұруға шешім қабылдады.