АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, Иранның мұнай өнімдерінің экспорты артты
Иранның мұнай, газ бен мұнай-химия өнімдерін экспорттаушылар ұйымы басшысының орынбасары Эхсан Бағериан АҚШ-тың заңсыз санкцияларының қайтарылғанына қарамастан Иранның мұнай-химия өнімдері экспортының артқанын хабарлады.
Иранның мұнай, газ бен мұнай-химия өнімдерін экспорттаушылар ұйымы басшысының орынбасары Эхсан Бағериан сенбі күні ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "2018 жылдың 22 наурызы бен 22 қыркүйегі аралығындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Иран құны 3 млрд 150 млн доллар тұратын мұнай өнімдерін экспорттаған. 2017 жылдың осындай мерзімінде бұл көлем 2 млрд 500 млн долларды құрады.
АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкциялары кейбір өнімдердің экспортталуына қиындық тудырғанымен 2018 жылы Иранның мұнай өнімдерін экспорттау көлемі өткен жылдан көбірек болады деп болжануда",-деді.