Иранның Израильге қатысты саясаты өзгермейді
(last modified Wed, 02 Jan 2019 07:24:44 GMT )
Қаң 02, 2019 13:24 Asia/Almaty
  • Иранның Израильге қатысты саясаты өзгермейді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми Иранның сионистік режим мен Палестинаның армандарына қатысты саясатының өзгермейтінін қуаттады.

Бахрам Ғасеми сейсенбі күні ИСНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында кейбір ислам мемлекеттерінің Палестина мәселесі мен сионистік режимнің палестиналықтардың құқықтарын бұзған қылмыстарына немқұрайдылық танытуын сынап: «Сионистік режим мен АҚШ ислам елдері арасында қайшылық тудырып, ислам әлемінің рөлін әлсіретіп, ислам елдерін Палестина тақырыбы мен Палестина армандарының мұсылман елдерінің басты мәселесі екендігінен алыстатуға талпыныс жасап жатыр. Тарих бойында ешбір басқыншы заңсыз мақсаттарына жеткен емес. Сондықтан сионистік режим де жетпейді»,- деп баса айтты.

 

 

Тегтер