Аймақтың ең басты түйткілі – сионистік режим
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аракчи Батыс Азия дағдарысын сионистік режимнің басқыншылығымен байланыстырып, аймақтың ең басты түйткілін Израиль мен осы режимнің басқыншылық саясаты деп атады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Сейед Аббас Арақчи дүйсенбі күні Польша Сыртқы істер министрінің орынбасарымен Теһрандағы кездесуінде: «Палестина халқы өзінің заңды құқықтарына ие болмай, Батыс Азия аймағында тыныштық орнамайды»,- деді. Арақчи сондай-ақ, АҚШ пен Польшаның ақпан айының 13-14 күндері Варшавада «Таяу Шығыс аймағындағы бейбітішілік пен қауіпсіздік» тақырыбында Иранға қарсы конференция ұйымдастырып жатқанына тоқталып: «Польша үкіметі АҚШ-тың бұл конференцияны өткізуінің шынайы мақсаты мен оның салдарларын түсінуі керек»,- деді.
Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары да Теһран мен Варшава қарым-қатынасының жақсы тәжірибесіне тоқталып, Польшаның Иранмен дос мемлекет ретінде Иранға қарсы әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат бермейтінін баса айтты.