Қаң 31, 2019 17:53 Asia/Almaty
  • Салехи: Уран байытуды 190 мың ЕРР көлемге жеткізудің алғышарты жасалды

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Ислам революциясы жетекшісінің уран байытуды 190 мың ЕРР (бөлу жұмысының бірлігі) көлемге жеткізу туралы айтқанына тоқталып: «Бұл салада барлық жағдай жасалды. Тек тиісті бұйрық күтуде», деді.

Әли Акбар Салехи сәрсенбі күні кешке Иранның 2-ші телеарнасының «Арнайы хабар» бағдарламасына берген сұхбатында: «Қазір Ислам революциясы жетекшісінің кеңесімен уранды 190 мың ЕРР көлемде байытуға қажетті жағдай жасалды. Соның ішінде жаңа центрифугаларды монтаждайтын дамыған кешен салынып, толығымен жабдықталды»,‑деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы  15 мың инженердің елдің ядролық саласында жұмыс істеп жатқанын айтып: «Ислам революциясының жетекшісі ядролық өнеркәсіпке ерекше көңіл бөледі. Бұл өнеркәсіп – ең жоғары стандарттағы көптеген өнеркәсіп салаларының түйісетін жері»,‑деді.

Салехи егер елдер ядролық өнеркәсіпке ие болғысы келсе, уранның немесе уран тотығының жеткілікті қорына ие болуы керектігін айтып: «Бушехр АЭС‑і жылына 250-270 тонна уран тұтынады»,‑деді.

Тегтер