Ақп 16, 2019 14:13 Asia/Almaty
  • Иранның «Фаджр» халықаралық сән және киім фестиваліне Азия мен Еуропаның 20 елі қатысып жатыр

Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар еркін аймағында VIII «Фаджр» халықаралық сән және киім фестивалінің халықаралық бөліміне Азия мен Еуропаның 20 елінің өкілдері қатысып жатыр.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Азия мен Еуропа елдерінің 20 өкілі осы фестивальдің халықаралық бөлімінде өздерінің исламдық сән үлгісі саласындағы өнімдерін жұрт назарына ұсынды.

VIII «Фаджр» халықаралық сән және киім фестивалінің халықаралық бөлімі ақпанның 14-17 күндері Чабаһар еркін аймағында жұмыс істейді.

VIII «Фаджр» халықаралық сән және киім фестивалі ақпан 15-21 күндері «Бустан-е гофтогу» халықаралық көрмелер кешенінде өтеді.   

 

Тегтер