Маусым 30, 2024 22:00 Asia/Almaty
  • Хизболлаға қатысты жаңалықтарға шолу: Хизболла әлемдегі зымырандық державалардың бестігіне кіреді; Араб лигасының Ливанның қарсыласуына бет бұруы

Соңғы күндері сионистердің Хизболланың болжамды күшінен қорқуына себеп болған Нетаньяху Ливанға шабуыл жасау шешімі туралы жаңалықтар жарияланды.

 

Ливан Хизболласының сионистерге ескертуі, Араб Лигасының Хизболлаға қайта оралуы, Ливанның қарсыласуының сионистік қару-жарақтарды жоюы өткен тәуліктегі Ливан Хизболласына қатысты маңызды жаңалықтардың бірі болып табылады. Pars Today осы жаңалықтарға шолу жасады:

Ливан Хизболласы сионистік режимге ескерту жасады

Хизболла ұйымы бас хатшысының орынбасары шейх Наим Қасем Газаға қолдау көрсету тұрақтылығын қуаттап, Ливанға қарсы кез келген ақымақтықтан сақтандырды және сионистер соғысты кеңейтуді көздесе, Хизболладан ауыр жауап алатынын мәлімдеді.

Сионистік БАҚ: Ливан Хизболласы әлемдегі зымырандық күштердің бестігіне кіреді

Сионистік армияның резервтегі генералы Рам Аминах Ливан Хизболласының зымырандық қуатын мойындаған мәлімдемесінде: "Хизболла зымырандарының саны жағынан әлемдегі 5 зымырандық державаның бірі болып табылады",- деді.

Сионистік газет: Рафахтан шығу Хизболламен соғыстың алдын алады

Сионистік Yediot Aharonot газеті бір хабарында: "Басып алынған аумақтардағы бағалаулар сионистік әскерлердің Рафахтан жақын арада шығарылуы Ливан мен басып алынған аумақтар шекараларында соғыстың тұтануына тосқауыл қоя алатынын көрсетеді",- деп жариялады.

Ливан Хизболласы сионистік 2 қаруды жойды

«Ән-Нашрах» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ливан Хизболласы басып алынған жерлердің солтүстігінде сионистік режим армиясына қарсы исламдық қарсыласу күштерінің жаңа операциясын жариялап, басып алынған жерлердің солтүстігіндегі сионистік режим армиясының екі қаруының жойылғанын хабарлады. 

Сионистік газет: Хизболланың әскери технологиялары өте қауіпті

Сионистік Yediot Aharonot газеті: "Ливан қарсыласуының жоғары әскери мүмкіндіктері мен өте қауіпті техникасы мен технологиялары бар",- деп жазды. Ливан шекарасынан жүздеген ұшқышсыз ұшақтардың енуі қауіпсіздік және әскери жүйелердің бұл ұшқышсыз ұшақтармен күресуге дайын еместігін көрсетті.  

Араб лигасы Ливандағы Хизболлаға қарай бет бұрды

"Ресей әл-Яумның" хабарлауынша, Араб Лигасы бас хатшысының көмекшісі Хесам Заки Бейрут сапарынан кейін: "Бұл одақ енді Ливан Хизболласын лаңкестік ұйым деп санамайды және Араб лигасына мүше елдер бұл құрылымды қолданбауға келісті. Бұл Хизболламен байланыс орнатуға мүмкіндік береді",- деп жариялады.  

 

Тегтер