Иран Ислам революциясы - әлемдегі мұсылмандар мен қаналған халықтардың оянуына себеп болған фактор
(last modified Mon, 03 Jun 2019 12:47:35 GMT )
Маусым 03, 2019 18:47 Asia/Almaty
  •  Иран Ислам революциясы - әлемдегі мұсылмандар  мен қаналған халықтардың оянуына себеп болған фактор

Иран Армиясы Ислам республикасы негізін қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болуынан 30 жыл өтуіне байланысты мәлімдемесінде Иран Ислам революциясының әлемдегі мұсылмандар мен қаналған халықтардың оянуына себеп болған фактор екенін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Армиясы дүйсенбідегі өз мәлімдемесінде: "Иран Ислам революциясы замануи саяси идеология саласында терең өзгеріс тудыруымен бірге іс жүзінде Иран халқын бөгде үстемшілдердің билеп-төстеуінен құтқарды",- деп жариялады. Иран Армиясы бұл мәлімдемесінде Ислам революциясының екіполюстік әлемдегі билік теңгерімін өзгерткенін қуаттап: "Иран Армиясы дұшпанның қоқан-лоққыларына қарсы тұруға дайын",- деп қосты.

Иранның Полиция күштері де имам Хомейнидің дүниеден озуының 30 жылдығына байланысты мәлімдемесінде: "Иран имам Хомейнидің жолын жалғастырып, даму шыңдарына жетеді",- деп жариялады.