Маусым 16, 2019 17:31 Asia/Almaty
  • Лариджани: Оман теңізіндегі танкерлерге жасалған күдікті шабуылдар Иранға қарсы санкцияларды толықтыра түсті

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «АҚШ халқы өз сөздерінің алды артын ойламайтын абыройсыз саяси банданың құрсауына түсіп отыр», деді.

Әли Лариджани Мәжілістің жексенбі күнгі ашық жиналысында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның дипломатияны қолдану туралы сөздеріне тоқталып: «Өздерінің айтуынша, бір ұлтқа қарсы ең ауыр санкциялар болып саналатын экономикалық лаңкестік шараларымен бір революцияшыл халыққа қарсы шыққан елдің Мемлекеттік хатшысы осындай сөздер айтып отыр. Бұл бір дипломатиялық іс пе?»‑деді.

Лариджани Оман теңізіндегі танкерлерге жасалған күдікті шабуылдарға тоқталып: «Бұл шаралар экономикалық санкцияларды толықтыра түседі. Олар санкциялардан тиісті нәтиже ала алмағандықтан осылай істеп отыр. АҚШ‑тың тарихына үңілсек, олар екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапонияға жақын жерде өздерінің кемелерін нысанаға алып, жауластыққа қажетті сылтау дайындаған болатын»,‑деді.

Тегтер