Ислам республикасы Ирандағы АҚШ мүддесінің қорғаушысына наразылық білдірді
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Теһрандағы Швейцария елшісімен телефон арқылы байланысып, АҚШ-тың Иранның әуе кеңістігін бұзғанына наразылық білдірді.
Сейед Аббас Арақчи АҚШ мүдделерін қорғаушысы ретінде Теһрандағы Швейцария елшісі Маркус Лейтнермен байланысып, Ислам республикасының әуе кеңістігін бұзғаны үшін АҚШ үкіметіне Иранның наразылық нотасын жеткізіп: «Бұл ұшқышсыз ұшақтың Иранның әуе кеңістігіне кіруі туралы теріске шығарылмайтын құжаттар бар, тіпті бұл ұшақтың бөлшектері бұл елдің суларында табылды»,- деді. Арақчи Теһранның Парсы шығанағы аймағында соғыс пен қақтығыстын болғанын қаламайтының қуаттап, америкалық күштердің аймақтағы ойланбай жасаған әрекеттеріне ескерту жасап: «Иран өз суы мен құрлығын қорғады және өзін қорғау үшін күдіктенбейді»,- деді.
Маркус Лейтнер бұл жәйтті АҚШ үкіметіне жеткізетінін айтты.