Иран «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелерін азайту бойынша екінші қадамды бастады
(last modified Sun, 07 Jul 2019 10:38:09 GMT )
Шіл 07, 2019 16:38 Asia/Almaty
  • Иран «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелерін азайту бойынша екінші қадамды бастады

Иран СІМ-нің саяси істер бойынша орынбасары Сейед Аббас Арақчи Теһранның еуропалықтарға «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелерін орындау үшін берген 60 күн мұрсатының аяқталғанын, еуропалық елдердің ИИР-ның келісімдегі өтініштерін орындамауына байланысты елінің екінші қадамды бастағанын мәлімдеді.

Сейед Аббас Арақчи бүгін жексенбі күні Теһранда Атом Қуаты Ұйымының ақпарат хатшысымен бірге өткізген баспасөз маслихатында Иранның аталмыш келісімдегі уран байытуды арттырмау туралы шектеулерді орындауға міндетті еместігін, сол себепті уран байытуды арттыраттынын мәлімдеді.
Арақчи Иранның міндеттемелерін азайту үдерісінің «Ортақ қадам» келісімін  сақтау аясында екенін баса айтып: «Егер еуропалық елдер Иранның сұраныстарын орындамаса, Теһран 60 күн өткен соң үшінші қадамды бастайды. Американың санкцияларының жалғасуы мен еуропалықтардың уәделерінде тұрмауы Иранның «Ортақ қадам» келісімінен шығуымен аяқталуы мүмкін» деді. Арақчи сонымен қатар Американың АҚХА Басқарма кеңесінің төтенше отырысын өткізу туралы өтінішіне білдірген реакцияда: «Америкалықтардың «Ортақ қадам» келісімінен шыға тұра, Басқарма кеңесінің отырысын өткізуді сұрағаны күлкілі жағдай» деді.

 

Тегтер