Рухани: Парсы шығанағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шетелдік күштер қажет емес
ИИР Президенті Парсы шығанағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін шетелдік күштердің қажет еместігін айтып: "Аймақ елдері бірлік пен диалог арқылы өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады",-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні үкіметтің жиналысында Парсы шығанағы мен Оман теңізі аймағында жаңа коалиция құру туралы барлық ұрандардың орындалмайтын бос дақпырт екенін айтып: "Ірі алпауыттардың, әсіресе АҚШ-тың аймақтағы шараларының мақсаты – ислам елдері арасына іріткі салып, қалтасын қағып алу",-деді.
Рухани сионистік режимнің аймақтың қауіпсіздігін сақтауға атсалысқысы келетіні туралы уәждерінің бос сөз екенін айтып: "Сионистер егер шамалары келсе, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етіп алсын",-деді.
Иран Президенті, сондай-ақ, АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына, еуропалықтардың осы келісімге қатысты уәде бұзғанына тоқталып: "Егер еуропалықтар Иран берген екінші 60 күндік мұрсаттың соңында өз міндеттемелерін орындамаса, Теһран міндетті түрде міндеттемелерді азайтудың үшінші кезеңін бастайды",-деді.