Арақчи: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жөнінде қайтадан келіссөз жүргізбейді
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары: «Теһранның көзқарасынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жөнінде қайтадан келіссөз жүргізілмейді. Бірақ оның міндеттемелерінің дұрыс орындалуы сұхбаттардың тақырыбы бола алады»,- деп қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, дүйсенбідегі Париждегі келіссөздерінен кейін Словенияға сапармен келген Сейед Аббас Арақчи журналистердің сұрақтарына берген жауабында: «Франция келіссөздерінің тақырыбы Иранның мұнай сату сұранысы және оның кірістерін қамтамасыз ету болды»,- деді. Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Еуропаның Ираннан мұнай сатып алу немесе оның орнына несиемен қамтамасыз етуін қуаттап, оның жылдың соңына дейінгі төрт айлық көлемінің 15 миллиард доллар екенін мәлімдеді. Арақчи: «15 миллиард долларды алған соң ИИР 4+1 тобымен келісөздер жүргізеді. Алайда осы кезге дейін аталмыш топқа кіретін елдер арасында бұл келіссөздер туралы шынайы қайшылықтар байқалуда»,- деп қосты.