Рухани: Аймақішілік келіссөздер мен ынтымақтастықтар – тұрақты бейбітшілікке жеткізетін жалғыз жол
(last modified Mon, 14 Oct 2019 09:48:05 GMT )
Қаз 14, 2019 15:48 Asia/Almaty
  • Рухани: Аймақішілік келіссөздер мен ынтымақтастықтар – тұрақты бейбітшілікке жеткізетін жалғыз жол

ИИР Президенті Пәкістан Премьер-министрімен кездесуінде аймақ қауіпсіздігі мен дамуының жалғыз шешім жолын тек аймақішілік келіссөздер мен ынтымақтастықтар деп атады.

Хасан Рухани жексенбі күні Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан және қасындағы делегациямен кездесуінде лаңкестер, сионистер мен АҚШ-қа арқа сүйеюдің ислам елдері мен аймақ халықтары үшін шиелініс пен шығыннан басқа еш нәрсе әкелмейтінін қуаттап: «Аймақ мәселелерін шешу трансаймақтық күштерді шақырудың орнына стратегияларды қауіпсіздік орнату мен аймақтық қарым-қатынастарды дамытуды көздейтін саяси келіссіздерге қарай өзгертуді қажет етеді»,- деді. Рухани аймақ қауіпсіздігін тек аймақ елдері ғана қамтамасыз етеінін айтып: «Аймақтағы шиеліністі азайтатын бірінші қадам – Йемен соғысы мен елдің мазлұм халқына қарсы шабуылдарды тоқтату. Иран бұл саладағы кез келген шешімді қолдайды»,- деді.

Имран Хан да кездесуде ИИР-ның әрқашан ауыр жағдайда Пәкістанды қолдағанын қуаттап: «Пәкістан Иранмен тарихи және достық қарым-қатынастарына назар аударып, саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынасты арттырғысы келеді»,- деді.

 

 

 

Тегтер