Раиси: Имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағины» – теңдессіз әлемдік жиын
Иранның Жоғары соты Раиси имам Хусейннің (ғ.с.) қырқы «Арбағинды» теңдессіз әлемдік жиын деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Ибраһим Раиси Теһранда Жоғары Сот кеңесінің отырысында «Арбағин» рәсімін мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығының кілті деп атап: «Бүгінде «Арбағин» Конгресі халқының саны мен сапасына байланысты әлемдік теңдессіз жиынға айналып, «Хосейни өркениетінің» құрылуына себеп болуда»,- деді. Раиси Ирак халқы мен үкіметінің Арбағин зияратшыларын күтуіне ризалығын білдіріп: «Әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хуейннің (ғ.с.) есімі - әртүрлі халықтардың бірлігінің кілті»,- деді.
Көптеген мұсылмандар мен басқа илаһи діндердің жақтастары Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) немересі имам Хосейннің (ғ.с.) шәһид болған күнінің қырқы «Арбағин» күнінің алдында бірнеше күн бұрын Наджафтан шамамен 80 км жолды жаяу жүріп, қасиетті Кербаладағы имамның кесенесіне жетеді.