Теһранның солтүстігіндегі клиникада орын алған жарылыста 19 адам қаза болды
Теһран әкімшілігінің өрт сөндіру бөлімінің баспасөз өкілі Иран астанасының солтүстігіндегі медициналық клиникадағы оттегі капсуласының жарылуы салдарынан болған өртке сілтеме жасап, жарылыс салдарынан 19 адам қаза болып, 14 адам жарақат алғанын мәлімдеді.
Теһран әкімшілігінің өрт сөндіру бөлімінің баспасөз өкілі Джалал Малеки сәрсенбі күні таңертең тексеріс жұмыстардың жалғасуына тоқталып: «Өрт сөндірушілердің көмегімен ғимараттың ішінде болған 20 адам құтқарылды»,- деді. Бұл мәлімдеме бойынша, оқиғада зардап шеккен 7 адамға дәрігерлік көмек көрсетілді және басқа 7 адам ауруханаларға жеткізілді.
Сейсенбі түнде өрт және оттегі капсуласының жарылуынан 5 қабатты клиниканың бір бөлімі қирады.