Ирандық актер - Ресей кинофестивалінің жүлдегері
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i48079
Ирандық актер Навид Мұхаммадзаде «Шығыс-Батыс. Классика және авангард» деп атанған ХІІІ кинофестивалінде (Оренбург, Ресей) «Үздік актер» жүлдесін жеңіп алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 28, 2020 19:46 Asia/Almaty
  •  Ирандық актер - Ресей кинофестивалінің жүлдегері

Ирандық актер Навид Мұхаммадзаде «Шығыс-Батыс. Классика және авангард» деп атанған ХІІІ кинофестивалінде (Оренбург, Ресей) «Үздік актер» жүлдесін жеңіп алды.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Нима Джавидидің режиссерлігімен түсірілген «Үндіс» (орыс тілінде "Надзиратель" деп аударылған)   фильмі Оренбург ХІІІ-ші кинофестивальдің басты конкурстық фильмдерінің бірі болды. Бұл фильм «Үздік актер» жүлдесімен бірге, фестиваль демеушісі  YAR Club Complex арнайы жүлдесіне иеленді.

«Шығыс-Батыс. Классика және авангард» деп атанған ХІІІ кинофестиваль Ресейдің Оренбург қаласында 21-26 тамыз күндері өтті.