Иран мен Венесуэла ынтымақтастығы нығаюда
(last modified Tue, 15 Dec 2020 14:58:17 GMT )
Жел 15, 2020 20:58 Asia/Almaty
  • Иран мен Венесуэла ынтымақтастығы нығаюда

Иран мен Венесуэланың арасындағы саяси-экономикалық қатынастарды нығайту саласында екі ел АҚШ қоқан-лоққыларына қарамастан Каракастың сұрауымен жанармай тасымалдайтын ирандық танкер тағы Венесуэлаға жетіп, Хосе портында тоқтады.

 

Соңғы жылдары Венесуэланың солшыл үкіметін құлатуға немесе президент Николас Мадуроны отставкаға кетуге мәжбүр еткісі келді. Венесуэланың энергетикалық саласына қарсы санкциялар елде бензин мен мұнай өнімдерінің жетіспеушілігін тудырды. Сонымен қатар, Венесуэланың мұнай өңдеу зауыттарының тозуы және АҚШ-тың санкцияларының қажетті бөлшектерді сатып алуға рұқсат бермеуі елді бұл нысандарды жөндеу мүмкіндіктен айырды. Нәтижесінде Венесуэла жанармаймен қамтамасыз ету проблемаларына тап болды. Не дегенімен АҚШ венесуэладағы саясаттары, олардың ішінде экономикалық санкциялар қысымдарының артуы, қоқан-лоққы, төнкеріс, үкімет қарсыластарын қолдауы мен саяси араласуы сәтсіздікке ұшырады. Өткен аптадағы Венесуэладағы парламенттік сайлаудың нәтижелері мен Мадуроның осы сайлаудағы жеңісі тағы бір рет Вашингтонның Венесуэлаға барынша қысым жасау саясаты мен араласуының тиімсіздігі мен сәтсіздігін көрсетті. Венесуэла ИИР сияқты елдермен қарым-қатынасын нығайтты және Иран Венесуэлаға көмекке келді. Соңғы бірнеше айда АҚШ-тың барлық қоқан-лоққыларына қарамастан, Иран Венесуэлаға бірнеше танкер жіберіп, порттарына бензин жеткізді. Бұл жәйт АҚШ басшыларының ызасына себеп болды. Саяси сарапшы Абдул Бари Атван ирандық танкерлерді Венесуэлаға жіберу жөнінде: «Ирандық танкерлердің Венесуэла жағалауына келуі АҚШ президенті Дональд Трамп пен америкалық үстемшілер үшін ауыр соққы болды»,- деп жазды. Жанармай жібергеннен кейін көп ұзамай және АҚШ пен оның одақтастарының барлық қарсылығы  мен қоқан-лоққыларына қарамастан, Иран Каракаста тауарлар мен қызметтер сататын ірі дүкендерінің бірі Magasis-ті ашты. Бұл мәселе тағы да АҚШ басшыларының наразылығын тудырып, АҚШ конгрессмендерінің бір тобы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоға Иран мен Венесуэла арасындағы байланыстардың кеңейуі туралы ескерту хат жазды. Алайда сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту екі елдің сыртқы саясатында басты тақырыпқа айналды. Венесуэланың Сыртқы істер министрі Хорхе Ареаза «АҚШ-тың қатал санкциялары мен әлемдегі коронавирус  панлемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, екі ел арасындағы саяси делегациялар мен сауда биржалары мен стратегиялық және экономикалық ынтымақтастықтар тұрақты болып келді»,- деп қуаттады. Иран мен Венесуэла   АҚШ-тың экономикалық санкцияларының қысымына ұшырағанымен, олар АҚШ пен оның одақтастарының қоқан-лоққысы мен қысымынан қорықпай қарым-қатынастарын дамытуда. Осыған байланысты, Иранның мұнай танкерлерінің Венесуэла порттарына келуі екі елдің шешімділігі мен АҚШ санкцияларының тиімсіздігін растайды және іс жүзінде АҚШ-тың сыртқы саясатының тағы бір сәтсіздігі болып табылады.