Қаң 16, 2021 22:41 Asia/Almaty
  • «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.) -15» жаттығуы – зымырандық құдырет және жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып,  ұшқышсыз ұшақ әрекеттерін көрсету

Ислам революциясы жеңіске жеткен алғашқы күндерден бері әскери қоқан-лоққы мен тынышсыздық орнату Ислам республикасы жүйесін құлатуды көздеген дұшпандардың стратегиялық нұсқаларының бірі болды.

Бұл қоқан-лоққылар Иранның таңылған соғыстан өтіп, сегіз жылдық қасиетті қорғаныс кезінде жауды жеңуімен одан сайын шиеліністі. Сонымен бірге ұзақ мерзімді қару-жарақ санкциясы Иранның әскери қуатын әлсіретуді және қауіп-қатерге осалдығын арттыруды көздейді. Бұл саясатқа қарсы тұрып, елдің қауіпсіздігін сақтаудың жалғыз жолы - ішкі мүмкіндіктерге сүйену. Ислам революциясы жетекшісі әрі Иранның Қарулы күштері бас қолбасшысы аятолла Хаменеи Құм қаласы халқының 1358 жылғы 19 дей көтерілісіне арналған сөзінің бір бөлімінде құдырет пен қауіпсіздіктің маңыздылығын қуаттап, елдің Саддамның әуе шабуылына төтеп бере алмауының ащы тәжірибесін еске салып: «Иран соғыс кезінде Теһран мен түрлі қалаларын бомбалау алдында дәрменсіз болды, сондықтан Ислам республикасы елді бұл жағдайда ұстап тұруға құқылы емес еді»,- деді. Иран қорғанысының маңызды бөлімінің бірі – зымырандық қорғаныс күш-қуатқа ие болу. Иранның зымырандық құдыретінің бір бөлімі 15 қаңтарда «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.) - 15» жаттығуының бірінші кезеңінде Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Әуе күштерінің зымырандық және ұшқышсыз ұшақтары бірлескен әрекеттерін жүзеге асырумен көрсетілді. Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Салами жаттығу кезінде: «Бұл жаттығу дұшпандарға ИИР-ның ұлттық егемендікті, Ислам республикасының қасиетті жүйесін және Ислам мен Иранның құндылықтарын қорғайтыны туралы хабарды жеткізді»,- деді. ИИР баллистикалық зымырандарды жобалау және жасап, әскери тежеу ​​күшіне қол жеткізді.  Университет ұстазы және әскери сарапшы Фатхолла Калантари үш ұстынға ие болуды тоқтату деп сипаттады тежеу ​​күшінің үш бағанға ие деп біліп: «Тежеудің бірінші бағаны – құдыретке ие болу, екіншісі оны арттыру және үшінші баған – мүмкіндікті    кеңейту»,- деді. Осы тұрғыдан алғанда, Иранның зымырандық қуаты тежеу ​​күштерінің бағанасы  болып саналады. АҚШ-тың «National Interest» басылымы Иранның зымырандық қабілетін бағалап: «Иран АҚШ пен оның аймақтағы одақтастарының әскери күші    теңгерімін бұзды. Осы кезде стратегиялық теңдеу Иранның пайдасына ауысты»,- деп мойындады. Дәл осы себептен АҚШ, Еуропа және олардың аймақтық серіктестері Иранның зымырандық мүмкіндіктерін шектеу үшін қысым көрсетуге талпынуда.  Сондай-ақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзіп, жаңа жағдай тулырып, Иранның зымырандық тақырыбын келіссөздерге жеткізгісі келді. Бірақ олар ешбір жағдайда бұл мқсаттарына жетпейді. Иранның зымырандық күш-қуаты - бұл жауды шабуыл жасаудан бас тарттыратын әскери, қорғаныс және шабуыл құдыретінің белгісі. Бұл құдыреті қорғаныс өнеркәсібіндегі ғылыми-зерттеу технологиясымен ұштастырылған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі және   жаудың есебі мен шешім қабыладуына маңызды рөл атқарады.

 

Тегтер