Рухани: Зорлықпен Иранды тізе бүктіреміз дегендердің өздері қорлықпен жер жастанды
Қаң 21, 2021 21:54 Asia/Almaty
Иран Президенті Парсы шығанағындағы «Бид-е боланд» газ өңдеу зауытын аймақ деңгейіндегі ең ірі жобалардың бірі деп атап: «Зорлықпен Иранды тізе бүктіреміз дегендердің өздері қорлықпен жер жастанды»,-деді.
Иран Президенті осы ұлттық жобаның ашылу рәсімінде: «Иран халқына қарсы түрлі қастандықтар жоспарлағандардың істері олардың саяси ғұмырының соңында бүкіл әлемге және тіпті АҚШ халқына айқындалды. Әлем халқы олардың әрекеттерінің демократияға қайшы болғанын көрді»,-деді.
Рухани Иранның қуат көздері тұрғысынан аймақта маңызды орында тұрғанын айтып: «32 мың млрд текше метр газы бар Иран әлемдегі ең ірі газ көзі саналады»,-деді.