Рухани: Қазір таңылған экономикалық соғыс жағдайындамыз
(last modified Thu, 28 Jan 2021 13:44:58 GMT )
Қаң 28, 2021 19:44 Asia/Almaty

Иран Президенті елдің қазір сырттан таңылған экономикалық соғыс жағдайында екенін айтып: «Иран халқына 42 жылдық сабырлық, табандылық, төзімділік, жасампаздық пен қорғаныс үшін алғыс айтуымыз керек»,-деді.

Рухани Иран Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұлттық жобаларын ашу рәсімінде: «Жылдар бойы, әсіресе соңғы үш жылда жүргізілген теңдессіз экономикалық соғысқа төтеп бергені үшін Иран халқына алғыс айтуымыз керек. Мұндай экономикалық соғыс бұрын-соңды болмаған немесе өте сирек кездеседі. Соңғы жылдар мен ғасырларда бірде-бір үкімет пен халық осыншалықты қысымға ұшырамаған»,-деді.

Рухани дұшпандардың Иран халқын алпауыт елдердің алдында тізе бүктіруге талпынып жатқанын айтып: «Иран халқы осы үш жылдың ішінде қайсарлық пен табандылық танытып, қиыншылықтарға қарамастан, өткен 10 айда 28 млрд доллар тұратын мұнайдан тыс тауарлар экспорттады»,-деді.

Тегтер