Ирандағы 13-ші президенттік сайлау
(last modified Sat, 19 Jun 2021 13:01:29 GMT )
Маусым 19, 2021 19:01 Asia/Almaty
  • Ирандағы 13-ші президенттік сайлау

Ирандағы 13-ші президенттік сайлау коронавирустың таралуына байланысты санитарлық-гигиеналық ережелер толық сақталған жағдайда сегізінші президентті сайлау үшін халықтың кеңінен дауыс беруге қатысуымен өтті.

Дауыс беру 18 маусым жұма күні таңғы сағат 7-де басталып, Ішкі істер министрлігінің сайлау уақытын бес рет ұзартқаннан кейін,  сенбі күні түнгі сағат 2-ге дейін жалғасты. Осы кезде дауыстарды санау аяқталып келеді. Барлық сайлау учаскелердегі дауыстар қорытылып, сайлаудың соңғы нәтижесі бірнеше сағаттан кейін жарияланады. Бірнеше айдан бері саяси және ақпарат ортасында болған бұл сайлау халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңалықтар желілерінде кең ауқымды реакцияларға тап болды. Шын мәнінде 18 маусым күні Ислам революциясының тарихында тағы бір үлкен оқиға орын алды.   

Жұма күні таңғы сағат жетіде имам Хомейни атындағы хосейнедегі №110 сайлау учаскесінде дауыс берген Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сайлау күнің Иран халқының күні атап: «Бүгін халық дауыс беру учаскелерге барып, дауыс беріп, елдің тағдыры мен келешек жылдардағы міндеттерін анықтайды. Сондықтан бұл күн халықтың күні»,- деді. халық жұма күні сайлауға қатысып, осы сөздерді растады. Халықтың кеңінен қатысуының екі маңызды жолдауы болды. Біріншіден, Иран халқының сезімтал сәттерде терең саяси көзқарасы мен уақытылы және дұрыс шешім қабылдау  сәттердің маңыздылығын мойындауын көрсетті. Екіншіден, халықтың Ислам революциясының жеңісінен кейін әрдайым демократиялық жүйенің негіздерін нығайтатын  сайлауға кеңінен қатысуын көрсетті. Ислам революциясы жетекшісі айтқандай, «дұшпан әрқашан халықтың сайлауға қатысуының маңыздылығын түсініп, дауыс беруге тосқауыл қойғысы келді».

Халықтың дауыс беруге қатысуынан туындайтын нәтиже - саяси келісім мен ұлттық және діни бірлік. Сайлау жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, өзгерістің бастапқы нүктесі бола алады.  Өткен кезеңдердегі сайлауларға жасаған шолу да саяси талғамдары мен көзқарастары әртүрлі үміткерлердің қатысуы мен іріктелуін көрсетеді, бұл ашық әрі сенімді сайлаудың белгісі. Иранның 38-ден астам сайлау өткізу тәжірибесі  сайлауға халық жаппай қатысқан сайын оның саяси, әлеуметтік және экономикалық әсерлері анағұрлым маңызды және айқын болғанын көрсетті. Ирандағы 13-ші президенттік сайлау бұл ережеден тыс емес және алға қарай ілгерілеп, мәселелерді шешуге көбірек уәждеме, үміт пен күш-жігер тудыра алады.  

 

Тегтер