Нау 07, 2022 22:06 Asia/Almaty
  • 35-ші Хорезми халықаралық фестивалінде үздіктер марапатталды

35-ші Хорезми халықаралық фестивалі мен 23-ші Хорезм жастары фестивалінде үздіктер марапатталды.

Иран Президенті Ибраһим Раиси дүйсенбі күні 35-ші Хорезми халықаралық фестивалінде 9 ішкі жоба мен  Италия,  Франция мен Қытай ғалымдарының 3  жобасы таныстырылып, үздіктер марапатталды.Хорезм фестивалінде іргелі ғылымға негізделген 3 жоба, 6 практикалық жоба, 2 даму жобасы жəне 1 инновациялық жоба таңдалды.

Солардың ішінде "Ұялы телефон желісінің қауіпсіздігін тексеру кешені" жəне "Жүрекке электрошок жасау аппаратының жобасы" ең маңызды жоба деп танылды."Гетерогендік фотокатализатор", "Жоғары қан қысымын емдеу: өткені, бүгіні жəне болашағы", "Жұқпалы аурулардың генетикасы" - осы фестивальда Қытай, Италия жəне Франция зерттеушілерінің таңдалған жобалары.

Доктор Раиси, сондай-ақ, 23-ші Хорезм жастары фестивалінде құрылыс, нанотехнология, механика, химиялық технологиялар жəне экология салаларында таңдалған 8 жоба иелерін алғысхатпен марапаттады.

Тегтер