Нау 18, 2022 01:30 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының бас хатшысы: Сауд Арабиясының адамзатқа қарсы əрекеттеріне қарсы тұру үшін ислам əлемі бірігуі керек

Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының бас хатшысы Сауд Арабиясының 81 адамды өлім жазасына кескенін айыптап, мұсылмандар мен ислам əлемін осы адамзатқа жат əрекетке қарсы бірігуге шақырды.

Əлиакбар Велаяти бейсенбі күні мəлімдеме жасап, Сауд Арабиясының 81 мұсылман адамды, соның ішінде шиіт жеткіншектерді өлтіргенін айыптап: "Жаппай өлтіру саудиялық басшылардың келбетін одан ары аша түсті. Бұл сорақы қылмыс тарихқа тіркеледі",-деді.

Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының бас хатшысы: "Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатынына қарамастан, осы қылмысты жасаушылар мен орындаушылар азаттықты қалаушы жəне ақиқатты талап етушілер алдында айыпталады. Осы сорақы əрекет Сауд үкіметінің үгіт-насихатының жалған екенін көрсетті",-деді. 

Тегтер