Нау 23, 2022 14:56 Asia/Almaty

Көктем келіп, жаңа жылдың басталуымен Теһранда өтіп жатқан ирандық этникалық топтардың ұлы фестивалі ирандық мәдениет, әдет-ғұрыптар мен қолөнердің ерекше алуан түрлілігімен танысатын орынға айналды.

 

Иранның этникалық топтарының фестивалі көктемнің келуімен және жаңа жылдың басталуымен  фарвардин айының 1-12 күндері (21 наурыз - 1 сәуір) аралығында Теһрандағы Ниаваран мәдени-тарихи кешенінде өтуде. Фестивальді   9-дан түнгі 12-ге дейін тамашалауға болады.

Иран этникалық фестивалінің хатшысы Ибрахим Ахмади   Iran Press   ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Бұл фестивальге Иранның төл мәдениетін таныстыру үшін кәдесый өндірушілерді де, қолөнер саласында белсенді қнерпаздарды да шақырдық. Сөйтіп Ниаваран тарихи-мәдени кешенін  аралайтын халық пен туристер әртүрлі ирандық этникалық топтардың мәдениетімен таныса алады»,- деді.

 

Тегтер