Иран Қорғаныс министрі: Украинадағы соңғы оқиғалар АҚШ-тың араласушылығының жемісі
Иранның Қорғаныс министрі: АҚШ пен Батыс біржақты, аралаусылық және тоталитарлық көзқарастарын әлемнің барлық стратегиялық аймақтарында жүзеге асырғысы келеді. Украинадағы оқиғалар осы көзқарастың жемісі.
Иран Қорғаныс министрі Амир Аштиани Пәкістан әуе күштерінің қолбасшысы генерал Захир Ахмад Бабар Садхумен кездесуінде: «Иран мен Пәкістан аймақтағы өзгерістер мен ислам әлемінде маңызды әрі ықпалды орынға ие және Пәкістан ИИР-ның сыртқы саясатында әрқашан ерекше орынға ие болды»,- деді.
Пәкістан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Иранның әуе өнеркәсібінің жетістіктеріне тоқталып, авиация, өнеркәсіп және академиялық ынтымақтастық салаларында ортақ жобалық кеңселер мен зертханалар құруды және ортақ технопарктер құруды талап етті.