Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы отырыс өткізді
(last modified Mon, 02 May 2016 15:51:33 GMT )
Maм 02, 2016 21:51 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы отырыс өткізді

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Америкада ислам республикасының активінен 1,8 млрд доллардың тәркіленуі туралы Иран халқының құқығын қорғау үшін құқықтық және саяси шаралардың қарастырылып жатқанын хабарлады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари тілшілермен өткізген апталық отырысында Иранның активтерін тәркілеу жөніндегі АҚШ жоғары сотының шешіміне қатысты атқарылған соңғы шаралар туралы: «Иран АҚШ жоғары сотының шарасын қабылдамай, бірқатар шараны күн тәртібіне қойып отыр.

Иран Сыртқы істер министрінің БҰҰ- ның бас хатшысына жолдаған хатында құқықтық және саяси дәлелдер БҰҰ- ның бас хатшысына ұсынылды» деді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясының «араб қауіпсіздік күшін» құру деп атаған аймақтық жаңа әрекеттері туралы: «Сауд Арабиясының сөзі мен ісі арасында терең алшақтық бар. Сауд Арабиясының әрекеттері іс жүзіндегі аспектілерге ие емес. Оған ешкім шынайы деп қарамайды» деді.