Раиси: Елдің медициналық жабдықтар саласындағы жетістіктері мақтануға тұтарлық
(last modified Thu, 09 Mar 2023 10:28:48 GMT )
Нау 09, 2023 16:28 Asia/Almaty
  • Раиси: Елдің медициналық жабдықтар саласындағы жетістіктері мақтануға тұтарлық

Иран Президенті елдің медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер өндіру саласындағы мақтан тұтарлық жетістіктер, әсіресе іргелі ғылымға негізделген өнімдерге тоқталып: "Біз қазір дамыған жабдықтармен жарақталған ота бөлмесін шет елдерге шығарамыз",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бүгін, сәрсенбі күні Имам Заманның (ғ.) туған күніне орай хазірет Мәһдидің (ғ.) атындағы ірі смарт аурухананың ресми ашылу рәсімінде Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі ең ірі жобаның жүзеге асырылғанымен құттықтап, өткен және қазіргі үкіметтер кезінде осы жобаны орындауға атсалысқандардың барлығына алғыс айтты.

Иран Президенті сондай-ақ халыққа қажетті дәрі-дәрмектің 97 пайызының ел ішінде өндірілетінін мақтанышпен айтып: "Осыдан біраз бұрын ғылыми-технологиялық парктердің бірінде болдым. Іргелі ғылымға негізделген фармацевтикалық компаниялардың бірінің жауапты басшысы бүгінде білікті мамандар миграциясын кері қайтаруға әлеуетіміз жетеді деп мәлімдеді. Өйткені елде фармацевтикалық салада іргелі ғылымға негізделген өнімдерді өндіруге жақсы жағдай қалыптасқан",-деді.

Тегтер