Қалибаф: Иран мен Сауд Арабиясының келісімі – аймақта ынтымақтастықты дамытудың бастамасы
Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Сауд Арабиясының келісімін екі елдің саяси-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға тиімді екенін және аймақтағы барлық елдердің мүддесіне сай келетінін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер жексенбі күні Мәжілістің ашық жиналысының басында Иран мен Сауд Арабиясының келісімі осы екі мұсылман елдің арасында қайшылық туындауына бөгде елдердің әсер еткенін көрсететінін айтып: "ИИР-дің саясаты – шет елдердің араласуынсыз-ақ Батыс Азия аймағы пен Парсы шығанағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау. Теһран-Эр-Рияд келісімі аймақтағы қайшылықтардың басты себепшісі осы алпауыт елдер болғанын көрсетті",-деді.
Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Иран мен Сауд Арабиясы арасында қарым-қатынастың қайта жандануы екі елдің саяси-экономикалық әріптестігін дамыту үшін бетбұрыс нүктесі болады",-деді.
Қалибаф Иран мен Сауд Арабиясы арасында әріптестікті дамытудың алғышартын тату көршілестік қатынасты сақтап, өзара сенім қалыптастыру деп атап: "Сауд Арабиясы Израиль режиміне қатысты қырағы да көреген болып, өзара қатынасты қалыптандыру және бітім жобасына ашық та кесімді ұстаным білдіруі тиіс",-деді.